Қазақстандық кәсiпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуi жөнiндегi жоспарды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 175-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Минисрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 172-ө Өкімімен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Минисрінің 2008.06.23  N 172-ө  Өкімімен.

      Қазақстан Республикасының экономикасы секторларын халықаралық стандарттарға көшуi мақсатында:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстандық кәсiпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуi жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Жоспар iс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

       Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                           2006 жылғы 27 маусымдағы
                                         N 175-ө өкімімен бекітілген

        Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға
                 жедел көшуі жөніндегі жоспар

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

1. Халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру

1.1 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін енгізген ұйымдарды ынталандыру жөнінде шаралар әзірлеу

Заң жобасы

Қаржымині (жинақтау), ИСМ

2006 жылдың ІІІ тоқсаны

талап етілмейді

 

1.2 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSAS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2006 жылдың
IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

  

2. Менеджмент жүйелері және өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі саласындағы нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету

2.1 ИСО 22000:2005, 14001:2004 халықаралық стандарттары базасында тамақ қауіпсіздігі менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелері саласындағы мемлекеттік стандарттарды қабылдау

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның бұйрығы

ИСМ (жинақтау), АШМ, ДСМ, Қоршағанортамині

2007 жылдың
I тоқсаны

талап етілмейді

 

2.2 Менеджмент жүйелері саласындағы әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2007 жылдың
I тоқсаны

талап етілмейді

 

3. Сапа менеджментінің нысандары мен әдістерін жетілдіру

3.1 Қазақстанда шет елдердің тізілімдерінде тіркелген менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органдарды есептік тіркеу жөніндегі шараларды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2007 жылдың
I тоқсаны

талап етілмейді

 

3.2 Менеджмент  жүйелерінің  сәйкестігін растау жөніндегі мүдделі қазақстандық органдарды шетелдік аккредиттеу жүйелерінде аккредиттеуге дайындау жөніндегі
іс-шараларды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

3.3 Менеджмент жүйелері саласындағы шетелдік ұйымдармен ақпараттық ынтымақтастықты жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

3.4 Мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МҚА, мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2006 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

4. Кадрлар даярлау

4.1 Менеджмент жүйелері саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың үлгі бағдарламаларын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

4.2 Республикалық бюджет комиссиясының қарауына халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды даярлау жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

2007* жыл - 150,5

Республикалық бюджет комиссиясының шешімі

4.3 Республикалық бюджет комиссиясының қарауына "Сапа" философиясының негіздері" элективті мектеп курсының оқу бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ

2007 жылдың ІІ тоқсаны

2007* жыл - 4,4

Республикалық бюджет комиссиясының шешімі

5. Сапа менеджменті саласындағы ұйымдастыру іс-шаралары және насихат

5.1 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSАS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу мәселелері жөнінде
баспасөзде ұдайы жарияланымдар мен айдарлар, радио мен теледидарда сөз сөйлеулер ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау),  АШМ, ДСМ, ЭМРМ, ТЖМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині

2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

5.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурстар және "Қазақстанның үздік тауарлары" атты көрме-конкурсын өткізуді жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

5.3 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSАS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу бойынша салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу жөнінде жоспарлар әзірлеу және іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны

талап етілмейді

 

5.4 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSАS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу мониторингін жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2006   -2007 жылдары тоқсан сайын

талап етілмейді

 

      Ескертпелер:
      МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
      Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
      ЭMPM - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi

__________________
* Қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады