1. Қоса беріліп отырған "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
N 179-ө өкімімен
бекітілген
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының
2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
Р/с
№ |
Нормативтік
|
Кесімнің
|
Орындауға
|
Орындау
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 327 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ИСМ |
2006 жылғы шілде |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ |
2006 жылғы шілде |
3. |
Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын,
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ |
2006 жылғы шілде |
4. |
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ |
2006 жылғы маусым |
5. |
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИСМ |
2006 жылғы маусым |
6. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2006 жылғы шілде |
7. |
Қатысу мен тексеруді есепке алу кітабының нысанын бекіту туралы |
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы |
ИСМ, БП |
2006 жылғы шілде |
8. |
Таралуына шек қойылмайтын ақпараттар мен материалдарды ақысыз негізде тарату үшін жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілерде (Интернетте және басқалары) web-сайт құру және олардың жарнамасын қамтамасыз ету |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың шешімдері |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар |
2006 жылғы шілде |
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Бас прокуратура
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
Қаржымині - Қаржы министрлігі