"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 маусымдағы N 179-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

       Премьер-Министр

                                             Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2006 жылғы 28 маусымдағы
                                                N 179-ө өкімімен
                                                   бекітілген

        "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының
     2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында
  қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі   

Р/с
N

Нормативтік
құқықтық кесімнің
атауы

Кесімнің
нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекеттік
органдар

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 327 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ИСМ

2006 жылғы шілде

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы шілде

3.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын,
бизнес-инкубаторларды құру және олардың қызметі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы шілде

4.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы маусым

5.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы маусым

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2006 жылғы шілде

7.

Қатысу мен тексеруді есепке алу кітабының нысанын бекіту туралы

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы

ИСМ, БП

2006 жылғы шілде

8.

Таралуына шек қойылмайтын ақпараттар мен материалдарды ақысыз негізде тарату үшін жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілерде (Интернетте және басқалары) web-сайт құру және олардың жарнамасын қамтамасыз ету

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың шешімдері

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2006 жылғы шілде

Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Бас прокуратура
ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі
Қаржымині - Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады