"Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 40-ө
өкіміне
мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
жоғарыда көрсетілген өкіммен құрылған жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Мамытбеков - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары, жетекші
Шварцкопф - Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна бюджеттік жоспарлау министрлігі
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментінің директоры
жұмыс тобының құрамынан Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Сухорукова Вера Николаевна, Ахметжанова Гүлнәр Тұрдыбекқызы шығарылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жұмыс тобы 2007-2010 жылдарға арналған "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізсін.";
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е.Мусинге" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын.
Премьер-Министр