Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 40-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 282-ө Өкімі

      "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 40-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      жоғарыда көрсетілген өкіммен құрылған жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
 
Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы           Министрінің Кеңсесі Басшысының
                             орынбасары, жетекші

Шварцкопф                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна            бюджеттік жоспарлау министрлігі
                             Инвестициялық саясат және жоспарлау
                             департаментінің директоры

      жұмыс тобының құрамынан Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Сухорукова Вера Николаевна, Ахметжанова Гүлнәр Тұрдыбекқызы шығарылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жұмыс тобы 2007-2010 жылдарға арналған "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізсін.";
      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е.Мусинге" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады