"Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 40-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына  Жолдауын  iске асыру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Асылжан Сарыбайұлы           Министрінің Кеңсесі Басшысының
                             орынбасары, жетекші

Райымбеков                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сайлаухан Ғазизұлы           Министрiнiң Кеңсесi Өңiрлiк даму
                             бөлiмiнiң меңгерушiсi, жетекшiнiң
                             орынбасары

Нұрғожаева                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Татьяна Александровна        министрлiгi Бюджет департаментiнiң
                             директоры, хатшы
 
Шварцкопф                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Илона Альбертовна            бюджеттік жоспарлау министрлігі
                             Инвестициялық саясат және жоспарлау
                             департаментінің директоры

Ищанов                     - Қазақстан Республикасының Парламентi
Қайрат Қыдырбекұлы           Сенатының депутаты

Қосмамбетов                - Қазақстан Республикасының Парламентi
Төлебек Қосмамбетұлы         Мәжiлiсiнiң депутаты

Баталов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы               және сауда вице-министрi

Ерғожин                    - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Дәулет Еділұлы               министрi

Нүсiпова                   - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Әсем Бекқызы                 сақтау вице-министрi

Келiмбетов                 - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк
Қайрат Нематұлы              қоғамы басқармасының төрағасы

Смағұлов                   - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Болат Советұлы

Бөкенов                    - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары
Қайрат Ақмәдиұлы

Әбiшев                     - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Ислам Әлмаханұлы             орынбасары

Перуашев                   - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерiмен
Азат Тұрлыбекұлы             жұмыс берушiлерi жалпыұлттық одағы
                             басқармасының төрағасы

Иванов                     - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерiмен
Виктор Михайлович            жұмыс берушiлерi жалпыұлттық одағының
                             басқармасы төрағасының орынбасары

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.10.01.  N 282-ө  Өкімімен.
      2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 11 наурызға дейiнгi мерзiмде "Мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк негiзiнде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" 2007-2010 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізсін.
      2-1. Жұмыс тобы 2007-2010 жылдарға арналған "Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізсін.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.10.01.  N 282-ө  Өкімімен.
      3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2007.10.01. N  282-ө  Өкімімен.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады