"Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын орындау үшін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2008 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 21 сәуірдегі
N 103-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының инвестициялық
мүмкіндіктерін таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың
2008 жылға арналған жоспары
Р/с
|
Іс-шара |
Өткізу
|
Өткізу
|
Орындауға
|
Қаржыландыру
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі іс-шаралар |
|||||
1. |
"Қазақстанның
|
Гаага
|
26 - 29
|
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
2. |
"Қазақстанның
|
Токио
|
Жыл
|
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
3. |
"Қазақстанның
|
Сеул
|
Қыркүйек |
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ, "Оңтүс-
|
Қазақстан Республикасындағы іс-шаралар |
|||||
4. |
"Asia society"
|
Астана
|
12 - 14
|
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ, СІМ |
5. |
Қазақстандық
|
Астана
|
Жыл
|
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
6. |
Қазақстандық
|
Астана
|
Жыл
|
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
7. |
Қазақстан
|
Астана
|
Қазан |
ИСМ, СІМ,
|
ИСМ |
Ескертпе:
* Инвестициялық іс-шаралар 2008 жылдың ішінде Мемлекет және Үкімет басшыларының шетелге сапары шеңберінде, ел басшылығының Қазақстан өңірлері бойынша сапары кезінде, сондай-ақ шетел мемлекеттері басшыларының Қазақстанға сапары барысында өткізілуі мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны болжамды болып табылады, қазақстандық тараптың шетелдік ұйымдастырушылармен уағдаластығына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
"Қазына ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесі
СӨП - Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы