Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2008 жылға арналған жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 103-ө Өкімі

      "Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын орындау үшін:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері жөніндегі ақпараттық жұмыстың 2008 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар:

      1) Жоспарға сәйкес тиімді ақпараттық жұмысты;

      2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне өткізілген іс-шаралардың нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2008 жылғы 21 сәуірдегі
N 103-ө өкімімен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасының инвестициялық
мүмкіндіктерін таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстың
2008 жылға арналған жоспары

Р/с
N

Іс-шара

Өткізу
орны*

Өткізу
мерзімі

Орындауға
жауаптылар

Қаржыландыру
көздері

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі іс-шаралар

1.

"Қазақстанның
инвестициялық
мүмкіндіктері"
бизнес-форумы

Гаага
қаласы,
Нидерланд
Корольді-
гі

26 - 29
мамыр

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына ОДҚ" АҚ

ИСМ

2.

"Қазақстанның
инвестициялық
мүмкіндіктері"
бизнес-форумы

Токио
қаласы,
Жапония

Жыл
ішінде

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына
ОДҚ" АҚ

ИСМ

3.

"Қазақстанның
инвестициялық
мүмкіндіктері"
бизнес-форумы

Сеул
қаласы,
Корей
Республи-
касы

Қыркүйек

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына
ОДҚ" АҚ,
"Оңтүстік"
АЭА дирек-
циясы" ММ

ИСМ, "Оңтүс-
тік" АЭА"
дирекциясы"
ММ

Қазақстан Республикасындағы іс-шаралар

4.

"Asia society"
бизнес-форумы

Астана
қаласы

12 - 14
шілде

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына
ОДҚ" АҚ

ИСМ, СІМ

5.

Қазақстандық
және бразилиялық
іскер топтар
қатысатын
бизнес-форум

Астана
қаласы

Жыл
ішінде

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
СӨП, "Қазы-
на ОДҚ" АҚ

ИСМ

6.

Қазақстандық
және малайзиялық
іскер топтар
қатысатын
бизнес-форум

Астана
қаласы

Жыл
ішінде

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына
ОДҚ" АҚ

ИСМ

7.

Қазақстан
Республикасының
және Біріккен
Араб Әмірлігінің
кәсіпкерлері
қатысатын
бизнес-форум

Астана
қаласы

Қазан

ИСМ, СІМ,
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
"Қазына
ОДҚ" АҚ

ИСМ

Ескертпе:
      * Инвестициялық іс-шаралар 2008 жылдың ішінде Мемлекет және Үкімет басшыларының шетелге сапары шеңберінде, ел басшылығының Қазақстан өңірлері бойынша сапары кезінде, сондай-ақ шетел мемлекеттері басшыларының Қазақстанға сапары барысында өткізілуі мүмкін. Көрсетілген іс-шараларды өткізу мерзімі мен орны болжамды болып табылады, қазақстандық тараптың шетелдік ұйымдастырушылармен уағдаластығына байланысты өзгертілуі мүмкін.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
"Қазына ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Оңтүстік" АЭА дирекциясы" ММ - "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесі
СӨП - Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады