"Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын 2008 жылға дейінгі кезеңде еуропалық авиация талаптарына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 325-ө
өкіміне
мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын 2008 жылға дейінгі кезеңде еуропалық авиация талаптарына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірлері 14, 15-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
14. |
JAR-66, JAR-145, JAR-147, JAR 1, JAR FCL 2, JAR-21 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізілімінде есепке алу және тіркеу үшін материалдар дайындау және енгізу |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне тиісті талаптарды енгізу |
ККМ, ИСМ |
2008 жылғы 30 қазанға дейін |
75,7 |
Республикалық бюджет |
15. |
Әуеайлақтардың қызметі;
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне тиісті талаптарды енгізу |
ККМ, ИСМ |
2008 жылғы 10 желтоқсанға дейін |
75,6 |
Республикалық бюджет |
".
Премьер-Министр К.Мәсімов