1. Қоса беріліп отырған "
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы
" және "
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын әрі қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
N 14-ө өкімімен
бекітілген
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" және "Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік
қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29
желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, ДСМ |
2009 жылғы ақпан |
2. |
Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі субъектілердің қызметін лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2009 жылғы ақпан |
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N
1132
және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N
1301
қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ, Қаржымині, ЭБЖМ |
2009 жылғы ақпан |
4. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ДСМ |
2009 жылғы ақпан |
5. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2009 жылғы ақпан |
6. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, ЭБЖМ |
2009 жылғы ақпан |
7. |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы |
Бұйрық |
Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ |
2009 жылғы ақпан |
8. |
Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы |
Бұйрық |
ДСМ (жинақтау), Еңбекмині, БҒМ |
2009 жылғы қараша |
9. |
Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы |
Бұйрық |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ |
2009 жылғы қараша |
10. |
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің қажеттілігін бағалауды өткізу және оны айқындау ережесін бекіту туралы |
Бірлескен бұйрық |
Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ |
2009 жылғы ақпан |
11. |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ |
2009 жылғы ақпан |
12. |
Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
ДСМ (жинақтау), Еңбекмині, БҒМ |
2009 жылғы ақпан |
13. |
Білім беру саласында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ |
2009 жылғы ақпан |
14. |
Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау және біліктілігін арттыру стандартын бекіту туралы |
Бұйрық |
БҒМ |
2009 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі