"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 14-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Орталық атқарушы органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді әзірлесін және қабылдасын әрі қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Премьер-Министрінің
                                          2009 жылғы 30 қаңтардағы
                                               N 14-ө өкімімен
                                                  бекітілген

     "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" және "Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы әлеуметтік
    қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
     енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29
  желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
           нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), БҒМ, ДСМ

2009 жылғы ақпан

2.

Арнаулы әлеуметтік қызметті ұсыну жөніндегі субъектілердің қызметін лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ, ЭБЖМ, Қаржымині

2009 жылғы ақпан

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 және 2007 жылғы 27 желтоқсандағы  N 1301 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу
туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ, Қаржымині, ЭБЖМ

2009 жылғы ақпан

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2009 жылғы ақпан

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2009 жылғы ақпан

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, ЭБЖМ

2009 жылғы ақпан

7.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ

2009 жылғы ақпан

8.

Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Бұйрық

ДСМ (жинақтау), Еңбекмині, БҒМ

2009 жылғы қараша

9.

Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ

2009 жылғы қараша

10.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің қажеттілігін бағалауды өткізу және оны айқындау ережесін бекіту туралы

Бірлескен бұйрық

Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ

2009 жылғы ақпан

11.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Еңбекмині (жинақтау), ДСМ, БҒМ

2009 жылғы ақпан

12.

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Бұйрық

ДСМ (жинақтау), Еңбекмині, БҒМ

2009 жылғы ақпан

13.

Білім беру саласында әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ (жинақтау), Еңбекмині, ДСМ

2009 жылғы ақпан

14.

Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау және біліктілігін арттыру стандартын бекіту туралы

Бұйрық

БҒМ

2009 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Еңбекмині             - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                        әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ                   - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                        министрлігі
БҒМ                   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                        министрлігі
ЭБЖМ                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
                        бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады