1. Қоса беріліп отырған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы
Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 42-ө өкімімен
бекітілген
"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындалуына жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) |
2009 жылғы наурыз |
2 |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2009 жылғы наурыз |