"Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 42-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің 
                                          2009 жылғы 20 наурыздағы
                                               N 42-ө өкімімен   
                                                 бекітілген     

     "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
        өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
      Республикасының 2009 жылғы 6 ақпандағы Заңын іске асыру
    мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
                             тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

2

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2009 жылғы наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады