Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманың (бұдан әрі - Факультативтік хаттама)
12-бабына
сәйкес және БҰҰ-ның Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін болдырмау мәселесі бойынша арнайы баяндамашысы - БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының өкілі Манфред Новактың 2009 жылғы 4 - 14 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына сапарына (бұдан әрі - сапар) байланысты:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Арнайы баяндамашының Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ Арнайы баяндамашының бұқаралық ақпарат құралдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуін ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Қорғаныс, Әділет, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (келісім бойынша):
Факультативтік хаттаманың 1, 4 және 14-баптарына сәйкес Арнайы баяндамашының ведомстволық бағынысты мекемелерде болуын қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған өздерінің ведомстволық бағынысты мекемелері, онда ұстау жағдайлары туралы қажетті материалдарды және басқа деректерді берсін;
мекемелерде болуды ұйымдастыруға жауапты тұлғаларды анықтасын.
5. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Арнайы баяндамашымен республика аумағында бірге жүру ұсынылсын.
6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов