1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі
Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 14 тамыздағы
N 117-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с N |
Атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1. |
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы тамыз |
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы тамыз |
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 757 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы тамыз |
4. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
АШМ |
2009 жылғы тамыз |
5. |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
АШМ |
2009 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі