«Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1059 қаулысының 3-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет, 10 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жылына бір рет, 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 170-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
Қаржыландыру көздері мен сомалары (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын дайындау мен Олимпиада және Азия ойындарына олардың қатысуы жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары |
|||||
1 |
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының спортшыларын (бұдан әрі - спортшылар) кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына (бұдан әрі - қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін Штаб құру |
ТСМ-нің бұйрығы |
ТСМ |
2010 жылғы қаңтар |
РБ: |
2 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат спортшылардың жеке дайындық жоспарларын бекіту |
ТСМ-нің бұйрығы |
ТСМ, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
2010, 2011 жылдар, 20 қаңтар |
Талап етілмейді |
3 |
Спортшылар мен жақын қарсыластардың халықаралық жарыстарда өнер көрсету нәтижелерін талдау |
ТСМ-ге талдамалық ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
2010, 2011 жылдар, 10 желтоқсан |
Талап етілмейді |
4 |
Спортшылардың дайындығын және олардың қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарында өнер көрсетуінің жоспарланып отырған нәтижелерін талдау |
ТСМ-ге талдамалық ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
2010, 2011 жылдар, 10 желтоқсан жазғы түрлері |
Талап етілмейді |
5 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарында әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алу жөнінде жоспар-тапсырма әзірлеу |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Қысқы және жазғы спорт түрлерінен олимпиадалық кезеңге 2010 жылғы 10 шілде |
Талап етілмейді |
6 |
Жыл сайынғы Спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшылардың спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2010, 2011 жылдар, 25 желтоқсан |
РБ: |
7 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат спортшыларды материалдық ынталандыру және олардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту |
ТСМ-ге ақпарат |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мүдделі әкімдіктері |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
ЖБ: |
8 |
Спортшылардың қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына дайындалуы мен қатысуы туралы мәселелер бойынша семинар-кеңес өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТСМ, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
РБ: |
9 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарында медальдар мен жүлделі орындарды жеңіп алуға үміткерлердің құрамын анықтау және олармен келісім-шарттар жасасу |
ТСМ-ге ақпарат |
ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
Талап етілмейді |
10 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін шет елдердегі спорт базалардың қоса алғанда, спорт базаларын анықтау |
ТСМ-ге ақпарат |
ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
РБ: |
11 |
Спортшыларды спорттық керек-жарақпен және спорттық мүкәммалмен қамтамасыз ету |
ТСМ-нің бұйрығы |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Жазғы түрлері:2010, 2011 жылдар, желтоқсан |
РБ: |
2. Медициналық және медицина-биологиялық қамтамасыз ету |
|||||
12 |
Спортшылардың денсаулығын кешенді медициналық бақылауды қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
РБ: |
13 |
Спортшыларды қажетті витаминдік препараттармен, фармакологиялық және қалпына келтіру құралдарымен қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
|
14 |
Спортшыларды допингке қарсы тәрбиелеу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету |
ТСМ-ге ақпарат |
ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
Талап етілмейді |
15 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат спортшыларды допинг-тестілеуден өткізу |
ТСМ-ге ақпарат |
ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
РБ: |
3. Аккредиттеу |
|||||
16 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысу үшін жол жүретін Қазақстан Республикасы делегацияларының аккредиттеу алуы үшін қажетті құжаттарды ресімдеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ТСМ, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 10 желтоқсан |
Талап етілмейді |
4. Патриоттық және ақпараттық-насихат жұмысы |
|||||
17 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысу үшін жол жүретін Қазақстан Республикасының спорттық делегацияларын салтанатты түрде шығарып салуға байланысты іс-шаралар өткізу |
ТСМ-нің бұйрығы |
ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мүдделі әкімдіктері |
2010 жылғы, қаңтар |
РБ: |
18 |
Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындары өтетін жерлерді қажетті ұлттық атрибуттармен қамтамасыз ету |
ТСМ-нің бұйрығы |
ТСМ |
2010 жылғы ақпан 2010 жылғы қараша 2011 жылғы ақпан 2012 жылғы шілде |
РБ: |
Республикалық және жергілікті бюджеттен берілетін барлық қаражат: |
2010 жыл - 2 765 413,0 |
||||
оның ішінде республикалық бюджеттен: |
2010 жыл - 1 089 923,0 |
||||
оның ішінде жергілікті бюджеттен: |
2010 жыл - 1 675 489,8 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ҰОК - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті
РБ - республикалық бюджет
ЖБ - жергілікті бюджет