Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 170-ө Өкімі

      «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1059 қаулысының 3-тармағын іске асыру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) жылына бір рет, 10 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жылына бір рет, 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 170-ө өкімімен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері мен сомалары (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын дайындау мен Олимпиада және Азия ойындарына олардың қатысуы жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары

1

Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының спортшыларын (бұдан әрі - спортшылар) кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына (бұдан әрі - қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін Штаб құру

ТСМ-нің бұйрығы

ТСМ

2010 жылғы қаңтар

РБ:
2010 жыл - 10 671,0
2012 жыл - 45 937,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы

2

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат спортшылардың жеке дайындық жоспарларын бекіту

ТСМ-нің бұйрығы

ТСМ, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

2010, 2011 жылдар, 20 қаңтар

Талап етілмейді

3

Спортшылар мен жақын қарсыластардың халықаралық жарыстарда өнер көрсету нәтижелерін талдау

ТСМ-ге талдамалық ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

2010, 2011 жылдар, 10 желтоқсан

Талап етілмейді

4

Спортшылардың дайындығын және олардың қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарында өнер көрсетуінің жоспарланып отырған нәтижелерін талдау

ТСМ-ге талдамалық ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

2010, 2011 жылдар, 10 желтоқсан жазғы түрлері

Талап етілмейді

5

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарында әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алу жөнінде жоспар-тапсырма әзірлеу

ТСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Қысқы және жазғы спорт түрлерінен олимпиадалық кезеңге 2010 жылғы 10 шілде

Талап етілмейді

6

Жыл сайынғы Спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спортшылардың спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010, 2011 жылдар, 25 желтоқсан

РБ:
2010 жыл - 456 033,0 2011 жыл - 497 076,0 2012 жыл - 539 328,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы ЖБ:
2010 жыл - 1 399 739,7 2011 жыл - 1 391 773,0 2012 жыл - 1 410 860,0 260003 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» бағдарламасы 260004 «Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы 260006 - «Балаларға қосымша білім беру» бағдарламасы

7

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат спортшыларды материалдық ынталандыру және олардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту

ТСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мүдделі әкімдіктері

Жыл сайын, 10 желтоқсан

ЖБ:
2010 жыл - 145 863,1
2011 жыл - 140 953,4
2012 жыл - 132 155,0 260033 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» бағдарламасы 260004 «Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы

8

Спортшылардың қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына дайындалуы мен қатысуы туралы мәселелер бойынша семинар-кеңес өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТСМ, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

Жыл сайын, 10 желтоқсан

РБ:
2010 жыл - 14 239,0
2011 жыл - 15 521,0
2012 жыл - 16 840,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы

9

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарында медальдар мен жүлделі орындарды жеңіп алуға үміткерлердің құрамын анықтау және олармен келісім-шарттар жасасу

ТСМ-ге ақпарат

ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК, спорт түрлері федерациялары (келісім  бойынша)

Жыл сайын, 10 желтоқсан

Талап етілмейді

10

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына дайындықтың қорытынды кезеңін өткізу үшін шет елдердегі спорт базалардың қоса алғанда, спорт базаларын анықтау

ТСМ-ге ақпарат

ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

Жыл сайын, 10 желтоқсан

РБ:
2010 жыл - 497 559,0
2011 жыл - 542 339,0
2012 жыл - 588 438,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы

11

Спортшыларды спорттық керек-жарақпен және спорттық мүкәммалмен қамтамасыз ету

ТСМ-нің бұйрығы

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жазғы түрлері:2010, 2011 жылдар, желтоқсан
Қысқы түрлері:2010, 2011 жылдар, ақпан

РБ:
2010 жыл - 47 512,0
2011 жыл - 55 600,0
2012 жыл - 66 000,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы
ЖБ:
2010 жыл - 121 069,0
2011 жыл - 122 841,0
2012 жыл - 131 963,0 260003 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» бағдарламасы 260004 «Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» 260006 «Балаларға қосымша білім беру» бағдарламасы

2. Медициналық және медицина-биологиялық қамтамасыз ету

12

Спортшылардың денсаулығын кешенді медициналық бақылауды қамтамасыз ету

ТСМ-ге ақпарат

ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК

Жыл сайын, 10 желтоқсан

РБ:
2010 жыл - 27 087,0
2011 жыл - 15 478,0
2012 жыл - 11 609,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы

13

Спортшыларды қажетті витаминдік препараттармен, фармакологиялық және қалпына келтіру құралдарымен қамтамасыз ету

ТСМ-ге ақпарат

ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК

Жыл сайын, 10 желтоқсан

14

Спортшыларды допингке қарсы тәрбиелеу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету

ТСМ-ге ақпарат

ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

Жыл сайын, 10 желтоқсан

Талап етілмейді

15

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысуға кандидат спортшыларды допинг-тестілеуден өткізу

ТСМ-ге ақпарат

ҚР ТСМ Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК

Жыл сайын, 10 желтоқсан

РБ:
2010 жыл - 34 592,0
2011 жыл - 19 218,0
2012 жыл - 16 949,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы

3. Аккредиттеу

16

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысу үшін жол жүретін Қазақстан Республикасы делегацияларының аккредиттеу алуы үшін қажетті құжаттарды ресімдеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ТСМ, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша)

Жыл сайын, 10 желтоқсан

Талап етілмейді

4. Патриоттық және ақпараттық-насихат жұмысы

17

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындарына қатысу үшін жол жүретін Қазақстан Республикасының спорттық делегацияларын салтанатты түрде шығарып салуға байланысты іс-шаралар өткізу

ТСМ-нің бұйрығы

ТСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мүдделі әкімдіктері

2010 жылғы, қаңтар
2011 жылғы, қаңтар
2012 жылғы, маусым

РБ:
2010 жыл - 764,0
2012 жыл - 3 520,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы
ЖБ:
2010 жыл - 8 818,0
2011 жыл - 860,0
2012 жыл - 13 953,0
260033 «Облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу» бағдарламасы 260004 «Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы

18

Қысқы (жазғы) Азия, Олимпиада ойындары өтетін жерлерді қажетті ұлттық атрибуттармен қамтамасыз ету

ТСМ-нің бұйрығы

ТСМ

2010 жылғы ақпан 2010 жылғы қараша 2011 жылғы ақпан 2012 жылғы шілде

РБ:
2010 жыл - 1 466,0
2012 жыл - 1 810,0
012 «Жоғары жетістіктер спортын дамыту» бағдарламасы


Республикалық және жергілікті бюджеттен берілетін барлық қаражат:


 

 

 

2010 жыл - 2 765 413,0
2011 жыл - 2 801 659,0
2012 жыл - 2 979 362,0 Жиыны: 8 546 434,0

оның ішінде республикалық бюджеттен:

2010 жыл - 1 089 923,0
2011 жыл - 1 145 232,0
2012 жыл - 1 290 431,0
Жиыны: 3 525 586,0

оның ішінде жергілікті бюджеттен:

2010 жыл - 1 675 489,8
2011 жыл - 1 656 427,4
2012 жыл - 1 688 931,0
Жиыны: 5 020 848,2

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
      РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
      ҰОК - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті
      РБ - республикалық бюджет
      ЖБ - жергілікті бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады