1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 175-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы | Акт нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2010 жылғы қаңтар |
2 |
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді біліктілік емтиханының өткізу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2010 жылғы қаңтар |
3 |
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы |
Әділетмині |
2010 жылғы қаңтар |
4 |
Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы |
Әділетмині |
2010 жылғы қаңтар |
5 |
Бағалау стандарттарын бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы |
Әділетмині |
2010 жылғы қаңтар |
6 |
Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы |
Әділетмині |
2010 жылғы қаңтар |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі