"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 175-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің    
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 175-ө өкімімен     
бекітілген        

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
Нормативтік құқықтық актінің атауы Акт нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

2

Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткерлерді біліктілік емтиханының өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

3

Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

4

Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру ережесін бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

5

Бағалау стандарттарын бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

6

Бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы қаңтар

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады