Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы N 419 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.02.2013 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылар назарына!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
      3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
      10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы»"мүлікті бағалау" деген сөздерден кейін "(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Мыналардың:
      1)»"Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы N 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 25 мамырдағы 
N 419 қаулысымен   
бекітілген      

  Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1328 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 25 мамырдағы  
N 419 қаулысымен     
бекітілген        

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық
емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке
қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
      2. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;
      2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша тағылымдамадан өтуі;
      3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      2-1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
      1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.
      Ескерту. Біліктілік талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      3. Заңды тұлғаның штатында мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2007 жылғы 25 мамырдағы  
N 419 қаулысымен     
бекітілген         

  Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.15 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.
      2. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы;
      2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша тағылымдамадан өтуі;
      3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      2-1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия:
      1) заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
      2) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға берілмейді.
      Ескерту. Біліктілік талаптары 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.
      3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.20 № 552 (ресми жариялағанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады