Астана қаласында 2010 жылғы 1 - 2 шілде кезеңінде III Астана экономикалық форумын тиімді ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) III Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) III Астана экономикалық форумын өткізу бағдарламасы;
3) III Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс топтары құрылсын және бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне - ғылыми бағыт бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен келісім бойынша - энергетикалық бағыт бойынша;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне - индустриялық-инновациялық бағыт бойынша.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2010.05.06 № 62-ө Өкімімен.
4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2010.05.06 № 62-ө Өкімімен.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы
№ 3-ө өкімімен
бекітілген
III Астана экономикалық
форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2010.05.06 № 62-ө Өкімімен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бахыт Тұрлыханұлы көмекшісі, төрағаның орынбасары
(келісім бойынша)
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Серік Нұртайұлы министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Исекешев - Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы газ министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және
Асқар Қуанышұлы байланыс министрі
Әшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі
Бахмутова - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Елена Леонидовна және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің төрайымы
(келісім бойынша)
Жошыбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы істер министрлігінің жауапты хатшысы
Ақышев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Данияр Талғатұлы Төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Қалмырзаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Сарыбай Сұлтанұлы Іс басқарушысы (келісім бойынша)
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы
Нөгербеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Серік Нөгербекұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
Келімбетов - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Қайрат Нематұлы қоры» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы
Қырғызбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Болат Исатайұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары - Шекара қызметінің
директоры (келісім бойынша)
Мамытбеков - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Перуашев - «Атамекен» одағы» Қазақстанның
Азат Тұрлыбекұлы ұлттық экономикалық палатасы» заңды
тұлғалар бірлестігінің басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Бөпиева - «Экономикалық зерттеулер институты»
Жәмила Қадырқызы акционерлік қоғамы президентінің
міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы
№ 3-ө өкімімен
бекітілген
III Астана экономикалық форумын өткізу бағдарламасы
Ескерту. Бағдарламаға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2010.05.06 № 62-ө Өкімімен.
2010 жылғы 1 - 2 шілдеде «Экономикалық өсуді дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты қамтамасыз ету» тақырыбына III Астана экономикалық форумын өткізу жоспарланып отыр.
Форумның миссиясы - дағдарыстан кейінгі кезеңде әлемдік экономиканың және мемлекеттердің ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, халықаралық қоғамдастықта Қазақстан Республикасының рөлін айқындау мен бекітуге жәрдемдесетін қажетті жағдайларды талқылау.
Форумды өткізудің мақсаты - дағдарыстан кейінгі кезеңде жоғары экономикалық өсім әлеуеті бар белсенді дамушы ел ретінде Қазақстан Республикасының имиджін дамытуға жәрдемдесу, мемлекеттік экономикалық саясатты, ғылым жетістіктері мен жеке сектор бастамаларын үйлестіру негізінде әлемдік экономиканың және мемлекеттердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыру тетіктерін пысықтау болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1) Тұрақты бәсекеге қабілетті экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру мен дамыту үшін жағдай жасау;
2) Экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының оңтайлы құрылымын талқылау;
3) Инновациялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы инвестициялық ахуалдың жаңа бағдарламасын әзірлеу;
4) Ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге қабілетті жаңа қаржылық құрылысты жасау жолдарын талқылау;
5) Инновациялық жобаларға әлеуетті инвесторлар мен тапсырыс берушілерді тарту;
6) Елдердің ғылыми мектептері арасында өтетін тәжірибе мен ғылыми жетістіктермен алмасу.
Негізгі ұйымдастырушы, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығымен III Астана экономикалық форумына шетелдік және қазақстандық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, трансұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жетекші ғылыми ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері және әлемге әйгілі ғалымдар шақырылады.
III Астана экономикалық форумын өткізу бағдарламасы 2 күнге созылады, ол ғылыми және тәжірибелік бағыттағы іс-шараларды қамтиды.
Бірінші күні Қазақстанның индустриялық-инновациялық жобаларына әлеуетті инвесторларды және тапсырыс берушілерді тарту мақсатында жағымды инвестициялық ахуалды көрсетуге бағыттау жоспарланып отыр.
Бірінші күннің іс-шараларын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев және басқа да жоғары лауазымды қонақтардың қатысуымен өтетін форумның жалпы отырысынан (салтанатты ашылудан) бастау жоспарланып отыр.
Шет елдерде (Финляндия, Ресей, Оңтүстік Корея, Германия) инновациялық экономиканы дамыту модельдерінің озық тәжірибесін жария ету мақсатында және қазақстандық ұлттық инновациялық жүйеде қолдану, сондай-ақ қазақстандық ұлттық инновациялық жүйенің пайымы мен даму перспективасын айқындау үшін Инновациялық конгресс ұйымдастырылатын болады.
Өзара пайдалы сауда-экономикалық байланыстар мен Еуразия кеңістігіндегі инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталатын Еуразия іскер конгресін құру мақсатында Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің іскер форумын өткізу жоспарлануда.
Германияның Федералдық Экономика және технологиялар министрлігімен, «In WEnt» жалпы пайдалы халықаралық біліктілікті арттыру және дамыту қоғамымен бірлесіп, «Басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру» секциясын өткізу жоспарлануда. Секция шеңберінде кәсіпкерлік саласын басқарушы кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру мәселелері талқыланады, конференцияға қатысушы-елдер арасында тәжірибе алмасу болады және іскерлік ынтымақтастық орнатылады.
Қазақстан Республикасы отын-энергетикалық кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу және оны әлемдік энергетикалық кеңістікке біріктіру мақсатында барлық әлемнен 60-70 ірі өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуы жоспарланып отырған Энергетикалық бизнес-саммит ұйымдастырылады.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы қиындық тудыратын мәселелерді талқылау мен шешу мақсатында әлем орталықтарының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің конференциясын өткізу жоспарланып отыр.
Көрсетілген іс-шаралар ғылыми және индустриялық-инновациялық жобалардың көрмесімен бірге жүреді.
Форумның екінші күні дағдарыстан кейінгі кезеңде елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналады. Осы күннің іс-шараларында мемлекет қайраткерлері мен саясатшылар, ғалымдар мен жеке сектордың өкілдері ашық диалогқа қатыса алады.
Екінші күннің іс-шаралар жұмысын экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуының оңтайлы құрылымын, ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге қабілетті жаңа қаржылық құрылысты жасаудың жолдарын талқылауға, тұрақты бәсекеге қабілетті экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру мен дамытуға қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ әр түрлі елдердің ғылыми мектептері арасындағы тәжірибе мен ғылыми жетістіктермен алмасуға бағыттау жоспарланып отыр.
Дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканы реттеудің жаңа әдістерін анықтау мен дамудың басым векторларын айқындау мақсатында Бүкіләлемдік Банкпен бірлесе отырып «Дағдарыстан кейінгі кезеңде елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы алғашқы сессия өткізіледі.
Инновациялық конгресті жалғастыруда инновациялық экономиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және Қазақстан Республикасының технологиялық дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында БҰҰ-ның Еуразиялық Экономикалық Комиссиясының қатысуымен бірқатар панельді сессиялар өткізу жоспарлануда.
Кеден одағын құрудың экономикалық басымдықтарын талқылау, сондай-ақ одаққа қатысатын елдердің шаруашылық субъектілеріне нарықтық қатынастарды дамыту және тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мақсатында кеден одағы мәселелері бойынша сессия өткізу жоспарлануда.
«Жаһандық дағдарыс жағдайларында жаңа, барынша тұрақты әлемдік қаржы жүйесіне ықпал ету және құру мақсатында «Әлемдік жаңа қаржы сәулетін құру» тақырыбына сессия өткізілетін болады.
Сауда рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік-жеке меншік және ведомствоаралық әріптестікті қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық операциялар кезінде жалғыз терезе саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеу және енгізу мақсатында «Экспорттық-импорттық қатынастар кезіндегі Бірыңғай электронды терезе» тақырыбына семинар-конференция өткізу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің бірыңғай көзі шеңберінде (халықаралық орталық) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылау мақсатында «Әлем орталықтарының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін дамыту перспективалары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Ислам Даму Банкінің қатысуымен Қазақстанда исламдық қаржыландыруды реттеудің тұтас жүйесін құру мақсатында «Дағдарыстан кейінгі кезең жағдайларындағы исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктері» Халықаралық ғылыми конференциясын өткізу жоспарлануда.
Елдердің тұрақты энергетикалық дамуы мәселесінің жалғасы негізінде Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы, Мэрилэнд штаты Университетінің «Восток-Запад» орталығы (АҚШ), П.Сорокина - Н.Кондратьев Халықаралық институты «Ғаламдық энергоэкологиялық стратегия қалыптастыру» атты тақырыпқа арналған секция жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.
Осы секцияның жұмысы 2012 жылы өтетін «Рио-20» Әлемдік саммитіне ұсынылатын Ғаламдық энергоэкологиялық болжам қалыптасуының ғылыми негіздемесін талқылауға бағытталады.
Ресей Федерациясы Президентінің Әкімшілігімен, Свердловск облысының Үкіметімен, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағымен, Уральск мемлекеттік экономикалық университетімен бірлесе отырып, сондай-ақ бірқатар Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдарының қатысуымен «Елдердің дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде жастардың орны мен рөлі» тақырыбына жастар секциясын өткізу жоспарланып отыр. Өткізудің мақсаты - елдердің дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты экономикалық өсімі мәселелерін шешуге жас ғалымдарды тарту.
Форум шеңберінде өтетін іс-шаралар өткізілетін форумның сапасы мен нәтижелілігін күшейтетін қаржылық және техникалық қолдау көрсетіп қана қоймай іс-шаралардың мазмұндық бөлігін дамытуға белсенді қатысатын беделді халықаралық ұйымдармен бекітіледі.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы форумның негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Қазіргі кезде форумды бірлесіп ұйымдастырушылар Дүниежүзілік Банк, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Ислам Даму Банкі болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы
№ 3-ө өкімімен
бекітілген
III Астана экономикалық форумына (бұдан әрі - АЭФ)
дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 2010.05.06 № 62-ө Өкімімен.
Р/с |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұйымдастыру іс-шаралары |
|||||
1. |
Жұмыс топтарының жоспарларын дайындау және Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасарына ұсыну |
Жұмыс жоспары |
2010 жылғы қаңтар |
ЭДСМ, ИЖТМ, МГМ |
Талап етілмейді |
2. |
Шетелдік қатысушылардың тізімін қалыптастыру және келісу |
Шетелдік қатысушылар тізімі |
2010 жылғы қаңтар |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері |
Талап етілмейді |
3. |
III АЭФ-қа қатысатын шетелдіктерге шақырулар жіберу |
Шетелдік қонақтардың қатысуы |
2010 жылғы қаңтар - наурыз |
ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
4. |
Қонақ үй нөмірлерін броньдауды ұйымдастыру |
Нөмірлерді броньдау |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
5. |
Жоғары оку орындарының шетел тілдерін білетін студенттерінің арасынан еріктілердің қатысуын қамтамасыз ету |
Еріктілердің тізімі |
2010 жылғы наурыз - маусым |
БҒМ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
6. |
III АЭФ өткізу үшін «Тәуелсіздік Сарайы» кешенінің залдарын, кеңсе және техникалық бөлмелерін жалға алу жөнінде шарт жасасу. Кешенді баннерлермен ресімдеу, сахнаны, сөйлеу-мінбесін дайындау әрі монтаждау және құру және ұйымдастыру техникаларын, байланыс құралдарын, ілеспе аударма құралдарымен және техникалық қолдау мен залдың жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, үй-жайларды ресімдеу және техникалық жарақтандыру |
Жалға алу туралы шарт |
2010 жылғы наурыз 2010 жылғы маусым |
ЭДСМ, ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Қазактелеком» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
2010 жылға арналған республикалық бюджет, ЭДСМ-нің 033 «Астаналық экономикалық форумды қамтамасыз етуге және өткізуге арналған қызметтер» бағдарламасы (бұдан әрі - 033 бағдарлама) |
7. |
Шақыруларды таратумен байланысты шығыстарды (почта шығыстары) қоса алғанда, отандық және шетелдік журналистерді шақыруды және аккредиттеуді ұйымдастыру |
Аккредиттелген журналистердің қатысуы |
2010 жылғы наурыз - маусым |
БАМ, СІМ |
«Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты, 033 бағдарлама |
8. |
Форумға қатысушылар үшін үлестіру материалдарын жасау шығыстарын қоса алғанда, оларды сатып алу және дайындау |
Үлестіру құжаттарының пакеті |
2010 жылғы наурыз - маусым |
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
9. |
Қазақстандық қатысушылардың тізімін дайындау және келісу |
Қазақстандық қатысушылардың тізімі |
2010 жылғы наурыз |
ЭДСМ, БҒМ, «ЭЗИ» АҚ, (келісім бойынша) ұйымдастыру комитетінің мүшелері |
Талап етілмейді |
10. |
Қатысушылар үшін III АЭФ тақырыбына арналған естелік кәдесыйлар дайындау |
Тізім бойынша кәдесыйлар |
2010 жылғы сәуір - мамыр |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
11. |
III АЭФ ресми делегацияларының басшылары үшін кәдесыйлар дайындау |
Тізім бойынша кәдесыйлар |
2010 жылғы мамыр |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
12. |
III АЭФ өтетін жерде, әуежайда, вокзалда, қонақ үйлерде, қатысушылар мен меймандар жүретін бағыттар бойынша билбордтар, компенсаторлар, пилондар, ұрандар жасау және монтаждау шығыстарын қоса алғанда, қаланы безендіру |
Қаланы безендіру нобайлары, ұрандар, компенсаторлар, билбордтар және пилондар |
2010 жылғы мамыр - маусым |
Астана қаласының әкімдігі, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
13. |
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен болатын салтанатты қабылдау (кешкі астар) кезінде концерттер ұйымдастыру |
ММ бұйрығы |
2010 жылғы мамыр - маусым |
ММ, ЭДСМ |
033 бағдарлама |
14. |
Интернет және байланыс шығыстарын қоса алғанда, отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы мамыр - маусым |
ЭДСМ, БАМ, СІМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
15. |
III АЭФ-ың ресми делегацияларын мемлекеттік органдарға бекіту (қарсы алу/шығарып салу, бірге жүру) |
Қарсы алу/шығарып салу кестесі |
2010 жылғы мамыр - шілде |
ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері |
Талап етілмейді |
16. |
Ел басшылығының VІР-қонақтармен/III АЭФ-қа қатысушылармен екі жақты кездесулерін ұйымдастыру |
Екі жақты кездесулер кестесі |
2010 жылғы маусым - шілде |
СІМ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері (бекітіп беруге сәйкес) |
Талап етілмейді |
17. |
Кофе-брейктер, түскі астар және Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру |
Кофе-брейктер, түскі астар Астана қаласы бойынша экскурсиялар кестесі |
2010 жылғы мамыр - шілде |
ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
18. |
III АЭФ өткізу кезеңінде қатысушылардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету |
Іс-қимыл жоспары |
2010 жылғы маусым - шілде |
ІІМ |
Талап етілмейді |
19. |
III АЭФ өтетін жерлерде медициналық көмек пункттерін ұйымдастыру |
Іс-қимыл жоспары |
2010 жылғы маусым - шілде |
Астана қаласының әкімдігі |
Талап етілмейді |
20. |
III АЭФ-қа шетелдік қатысушыларға және қонақтарға визалық қолдауды қамтамасыз ету |
Шетелдік қатысушыларды визамен қамтамасыз ету |
2010 жылғы сәуір - маусым 2010 жылғы маусым - шілде |
СІМ, ҰҚКШҚ (келісім бойынша), Қаржыминінің КБК, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
21. |
III АЭФ делегациялары мен мүшелері, қонақтар үшін ресми қабылдаулар ұйымдастыру |
Ресми қабылдаулардың кестелері мен бағдарламалары |
2010 жылғы мамыр - шілде |
ЭДСМ, ПІБ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
22. |
III АЭФ-қа қатысушылар мен қонақтарға (оның ішінде, шетел журналистері), әуеде ұшу (ұйымдастыру комитеті бекіткен тізімге сәйкес 130 адамға), жоғары лауазымды тұлғалардың жеке санатына VІР-көліктерін ұсынуды қоса алғанда, көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру, оның іс-шараларын фото-бейнеге түсіруді ұйымдастыру |
Көлік қызметін көрсету кестелері |
2010 жылғы маусым - шілде |
ЭДСМ, ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
23. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан III АЭФ делегациялары мен мүшелері, қонақтар үшін ресми қабылдау (кешкі ас) ұйымдастыру |
Ресми қабылдау бағдарламасы |
2010 жылғы маусым - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар |
|||||
24. |
Мыналарды: |
Ұсынымдар мен қарарлардың жобалары |
2010 жылғы наурыз - маусым |
ЭДСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
25. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, III АЭФ-тың пленарлық мәжілісін ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, ПӘ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы |
033 бағдарлама |
26. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп «Елдің дағдарыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы» сессиясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы |
033 бағдарлама |
27. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Инновациялық конгресті ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ, «ЭЗИ» АҚ |
033 бағдарлама; 2010 жылға арналған республикалық бюджет, ИЖТМ-нің 017 «Инновациялық белсенділікті ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы |
28. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда Инновациялық конгрестің панельді сессияларды ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ |
033 бағдарлама |
29. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Жаңа әлемдік қаржы архитектурасын құру» сессиясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, ҚНРА (келісім бойынша), Қаржымині, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы |
033 бағдарлама |
30. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын коса алғанда, «Экспорттық-импорттық қатынастар кезінде бірыңғай электронды терезе» семинар-конференциясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы сәуір - шілде |
Қаржымині, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
31. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Кеден одағы мәселелері бойынша сессия ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы сәуір - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
32. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің іскер форумын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ИЖТМ, ЭДСМ, индустриялық-инновациялық бағыты бойынша жұмыс тобы |
033 бағдарлама; 2010 жылға арналған республикалық бюджет, ИЖТМ-нің 001 «Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы |
33. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру» секциясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы сәуір - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
34. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Жаһандық энергия-экологиялық стратегия қалыптастыру» секциясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы |
033 бағдарлама |
35. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Дағдарыстан кейінгі кезеңде елдердің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі жастардың орны мен рөлі» секциясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы |
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
36. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Энергетикалық бизнес-саммитті ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы қаңтар - шілде |
ИЖТМ, МГМ, ЭДСМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), энергетикалық бағыт бойынша жұмыс тобы |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
37. |
Ғылыми және индустриялық-инновациялық жобалардың көрмесін ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы қаңтар - шілде |
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ, индустриялық-инновациялық бағыт бойынша жұмыс тобы |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
38. |
Әлем орталықтарының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің халықаралық конференциясын және дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ |
«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
39. |
Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын коса алғанда «Дағдарыстан кейінгі кезеңде исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктері» халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
40. |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың III АЭФ ашылу рәсімінде сөйлейтін сөзінің жобасын дайындау |
Сөйлейтін сөздің жобасы |
2010 жылғы қаңтар - наурыз |
ЭДСМ, ПӘ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
Талап етілмейді |
41. |
Шетелдік және қазақстандық БАҚ-та имидждік сипаттағы материалдарды қоса алғанда, (деректі фильмдер, бейне-роликтер, мақалалар) материалдар дайындау мен прокатқа шығаруды қоса алғанда, медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру |
Форумды жария ету |
2010 жылғы наурыз - шілде |
БАМ, СІМ, ММ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «ТРК» КАҚ (келісім бойынша), «Қазакқстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
42. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сөйлейтін сөзінің жобасын дайындау |
Сөйлейтін сөздің жобасы |
2010 жылғы қаңтар - наурыз |
ЭДСМ, ПМК, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
Талап етілмейді |
43. |
Спикерлерге (кажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда ІІІ АЭФ-тың салтанатты жабылуын өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
2010 жылғы наурыз - шілде |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері |
033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты |
44. |
Қорытынды құжаттарды тарату |
Тарату жоспары |
2010 жылғы шілде |
СІМ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
033 бағдарлама |
45. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне III АЭФ-ты өткізу қорытындылары бойынша есеп дайындау |
Есеп |
2010 жылғы шілде - тамыз |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
Талап етілмейді |
46. |
Көбейту және тарату шығыстарын қоса алғанда, III АЭФ қорытындылары бойынша жинақ шығару |
Жинақ |
2010 жылғы тамыз |
ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша) |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты, 033 бағдарлама |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Қаржыминінің КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
ҰҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» акционерлік қоғамы
«ҰИҚ» - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы
«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«ТРК» КАҚ - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экономикалық қауымдастық
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары