Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 3-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 62-ө Өкімі

      «III Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 3-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақта:
      1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкіммен бекітілген III Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамында:
      мыналар енгізілсін:

Айтжанова             - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы     даму және сауда министрі, төрағаның
                        орынбасары,

Жұмағалиев            - Қазақстан Республикасының Ақпарат және
Асқар Қуанышұлы         байланыс министрі,

Әшімов                - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы     қорғау министрі;

      мына:

«Сұлтанов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бахыт Тұрлыханұлы       бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның
                        орынбасары,

Исекешев              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы         сауда министрі,

Құл-Мұхаммед          - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы         ақпарат министрі,  

Мыңбаев               - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы     минералдық ресурстар министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұлтанов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бахыт Тұрлыханұлы       көмекшісі, төрағаның орынбасары (келісім
                        бойынша),

Исекешев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасының
                        Индустрия және жаңа технологиялар министрі,

Құл-Мұхаммед          - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы         министрі,

Мыңбаев               - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы     министрі»;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев шығарылсын;
      көрсетілген өкіммен бекітілген III Астана экономикалық форумын өткізу бағдарламасында:
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шет елдерде (Финляндия, Ресей, Оңтүстік Корея, Германия) инновациялық экономиканы дамыту модельдерінің озық тәжірибесін жария ету мақсатында және қазақстандық ұлттық инновациялық жүйеде қолдану, сондай-ақ қазақстандық ұлттық инновациялық жүйенің пайымы мен даму перспективасын айқындау үшін Инновациялық конгресс ұйымдастырылатын болады.
      Өзара пайдалы сауда-экономикалық байланыстар мен Еуразия кеңістігіндегі инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталатын Еуразия іскер конгресін құру мақсатында Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің іскер форумын өткізу жоспарлануда.
      Германияның Федералдық Экономика және технологиялар министрлігімен, «In WEnt» жалпы пайдалы халықаралық біліктілікті арттыру және дамыту қоғамымен бірлесіп, «Басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру» секциясын өткізу жоспарлануда. Секция шеңберінде кәсіпкерлік саласын басқарушы кадрларды қайта даярлауды ұйымдастыру мәселелері талқыланады, конференцияға қатысушы-елдер арасында тәжірибе алмасу болады және іскерлік ынтымақтастық орнатылады.»;
      он алтыншы абзацтағы «Бүкіләлемдік экономикалық форуммен бірігіп» деген сөздер алынып тасталсын;
      он жетінші абзац алынып тасталсын;
      он сегізінші абзацтағы «мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әлемдік орталықтарының» деген сөздер «әлем орталықтарының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он тоғызыншы абзац алынып тасталсын;
      жиырмасыншы абзацтағы «көрмелерімен» деген сөз «көрмесімен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      жиырма бірінші абзацтағы «іс-шаралары ашық диалогқа мемлекет қайраткерлері мен саясатшылар, ғалымдар мен жеке сектордың өкілдері қатыса алатын панельді сессия түрінде өтеді» деген сөздер «іс-шараларында мемлекет қайраткерлері мен саясатшылар, ғалымдар мен жеке сектордың өкілдері ашық диалогқа қатыса алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма екінші абзацтағы «Панельдік сессия жұмысын» деген сөздер «Екінші күннің іс-шаралар жұмысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инновациялық конгресті жалғастыруда инновациялық экономиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және Қазақстан Республикасының технологиялық дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында БҰҰ-ның Еуразиялық Экономикалық Комиссиясының қатысуымен бірқатар панельді сессиялар өткізу жоспарлануда.
      Кеден одағын құрудың экономикалық басымдықтарын талқылау, сондай-ақ одаққа қатысатын елдердің шаруашылық субъектілеріне нарықтық қатынастарды дамыту және тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мақсатында кеден одағы мәселелері бойынша сессия өткізу жоспарлануда.»;
      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаһандық дағдарыс жағдайларында жаңа, барынша тұрақты әлемдік қаржы жүйесіне ықпал ету және құру мақсатында «Әлемдік жаңа қаржы сәулетін құру» тақырыбына сессия өткізілетін болады.
      Сауда рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік-жеке меншік және ведомствоаралық әріптестікті қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық операциялар кезінде жалғыз терезе саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеу және енгізу мақсатында «Экспорттық-импорттық қатынастар кезіндегі Бірыңғай электронды терезе» тақырыбына семинар-конференция өткізу жоспарланып отыр.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің бірыңғай көзі шеңберінде (халықаралық орталық) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылау мақсатында «Әлем орталықтарының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін дамыту перспективалары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
      Ислам Даму Банкінің қатысуымен Қазақстанда исламдық қаржыландыруды реттеудің тұтас жүйесін құру мақсатында «Дағдарыстан кейінгі кезең жағдайларындағы исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктері» Халықаралық ғылыми конференциясын өткізу жоспарлануда»;
      отызыншы абзацтағы «Бүкіләлемдік экономикалық форум, Петербург Халықаралық экономикалық форумы» деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген өкіммен бекітілген III Астана экономикалық форумына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 62-ө өкіміне    
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 14 қаңтардағы
№ 3-ө өкімімен    
бекітілген      

III Астана экономикалық
форумына (бұдан әрі - АЭФ) дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастыру іс-шаралары

1.

Жұмыс топтарының жоспарларын дайындау және Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасарына ұсыну

Жұмыс жоспары

2010 жылғы қаңтар

ЭДСМ, ИЖТМ, МГМ

Талап етілмейді

2.

Шетелдік қатысушылардың тізімін қалыптастыру және келісу

Шетелдік қатысушылар тізімі

2010 жылғы қаңтар

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері

Талап етілмейді

3.

III АЭФ-қа қатысатын шетелдіктерге шақырулар  жіберу

Шетелдік қонақтардың қатысуы

2010 жылғы қаңтар - наурыз

ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

4.

Қонақ үй нөмірлерін броньдауды ұйымдастыру

Нөмірлерді броньдау

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

5.

Жоғары оку орындарының шетел тілдерін білетін студенттерінің арасынан еріктілердің қатысуын қамтамасыз ету

Еріктілердің тізімі

2010 жылғы наурыз - маусым

БҒМ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

6.

III АЭФ өткізу үшін «Тәуелсіздік Сарайы» кешенінің залдарын, кеңсе және техникалық бөлмелерін жалға алу жөнінде шарт жасасу. Кешенді баннерлермен ресімдеу, сахнаны, сөйлеу-мінбесін дайындау әрі монтаждау және құру және ұйымдастыру техникаларын, байланыс құралдарын, ілеспе аударма құралдарымен және техникалық қолдау мен залдың жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, үй-жайларды ресімдеу және техникалық жарақтандыру

Жалға алу туралы шарт
Қызметтер көрсету туралы шарт

2010 жылғы наурыз 2010 жылғы маусым

ЭДСМ, ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Қазактелеком» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылға арналған республикалық бюджет, ЭДСМ-нің 033 «Астаналық экономикалық форумды қамтамасыз етуге және өткізуге арналған қызметтер» бағдарламасы (бұдан әрі - 033 бағдарлама)

7.

Шақыруларды таратумен байланысты шығыстарды (почта шығыстары) қоса алғанда, отандық және шетелдік журналистерді шақыруды және аккредиттеуді ұйымдастыру

Аккредиттелген журналистердің қатысуы

2010 жылғы наурыз - маусым

БАМ, СІМ

«Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты, 033 бағдарлама

8.

Форумға қатысушылар үшін үлестіру материалдарын жасау шығыстарын қоса алғанда, оларды сатып алу және дайындау

Үлестіру құжаттарының пакеті

2010 жылғы наурыз - маусым

ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

9.

Қазақстандық қатысушылардың тізімін дайындау және келісу
III АЭФ-қа шақыруларды жіберу және олардың қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстандық қатысушылардың тізімі

2010 жылғы наурыз
2010 жылғы маусым

ЭДСМ, БҒМ, «ЭЗИ» АҚ, (келісім бойынша) ұйымдастыру комитетінің мүшелері

Талап етілмейді

10.

Қатысушылар үшін III АЭФ тақырыбына арналған естелік кәдесыйлар дайындау

Тізім бойынша кәдесыйлар

2010 жылғы сәуір - мамыр

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

11.

III АЭФ ресми делегацияларының басшылары үшін кәдесыйлар дайындау

Тізім бойынша кәдесыйлар

2010 жылғы мамыр

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

12.

III АЭФ өтетін жерде, әуежайда, вокзалда, қонақ үйлерде, қатысушылар мен меймандар жүретін бағыттар бойынша билбордтар, компенсаторлар, пилондар, ұрандар жасау және монтаждау шығыстарын қоса алғанда, қаланы безендіру

Қаланы безендіру нобайлары, ұрандар, компенсаторлар, билбордтар және пилондар

2010 жылғы мамыр - маусым

Астана қаласының әкімдігі, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

13.

Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен болатын салтанатты қабылдау (кешкі астар) кезінде концерттер ұйымдастыру

ММ бұйрығы

2010 жылғы мамыр - маусым

ММ, ЭДСМ

033 бағдарлама

14.

Интернет және байланыс шығыстарын қоса алғанда, отандық және шетелдік БАҚ-тар үшін баспасөз конференцияларын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы мамыр - маусым

ЭДСМ, БАМ, СІМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

15.

III АЭФ-ың ресми делегацияларын мемлекеттік органдарға бекіту (қарсы алу/шығарып салу, бірге жүру)

Қарсы алу/шығарып салу кестесі

2010 жылғы мамыр - шілде

ЭДСМ, СІМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері

Талап етілмейді

16.

Ел басшылығының VІР-қонақтармен/III АЭФ-қа қатысушылармен екі жақты кездесулерін ұйымдастыру

Екі жақты кездесулер кестесі

2010 жылғы маусым - шілде

СІМ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері (бекітіп беруге сәйкес)

Талап етілмейді

17.

Кофе-брейктер, түскі астар және Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру

Кофе-брейктер, түскі астар Астана қаласы бойынша экскурсиялар кестесі

2010 жылғы мамыр - шілде

ЭДСМ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

18.

III АЭФ өткізу кезеңінде қатысушылардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

Іс-қимыл жоспары

2010 жылғы маусым - шілде

ІІМ

Талап етілмейді

19.

III АЭФ өтетін жерлерде медициналық көмек пункттерін ұйымдастыру

Іс-қимыл жоспары

2010 жылғы маусым - шілде

Астана қаласының әкімдігі

Талап етілмейді

20.

III АЭФ-қа шетелдік қатысушыларға және қонақтарға визалық қолдауды қамтамасыз ету
III АЭФ-қа қатысушыларды жедел кедендік және шекаралық бақылауды/ресімдеуді қамтамасыз ету

Шетелдік қатысушыларды визамен қамтамасыз ету

2010 жылғы сәуір - маусым 2010 жылғы маусым - шілде

СІМ, ҰҚКШҚ (келісім бойынша), Қаржыминінің КБК, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

21.

III АЭФ делегациялары мен мүшелері, қонақтар үшін ресми қабылдаулар ұйымдастыру

Ресми қабылдаулардың кестелері мен бағдарламалары

2010 жылғы мамыр - шілде

ЭДСМ, ПІБ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

22.

III АЭФ-қа қатысушылар мен қонақтарға (оның ішінде, шетел журналистері), әуеде ұшу (ұйымдастыру комитеті бекіткен тізімге сәйкес 130 адамға), жоғары лауазымды тұлғалардың жеке санатына VІР-көліктерін ұсынуды қоса алғанда, көлік қызметін көрсетуді ұйымдастыру, оның іс-шараларын фото-бейнеге түсіруді ұйымдастыру

Көлік қызметін көрсету кестелері

2010 жылғы маусым - шілде

ЭДСМ, ПІБ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

23.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан III АЭФ делегациялары мен мүшелері, қонақтар үшін ресми қабылдау (кешкі ас) ұйымдастыру

Ресми қабылдау бағдарламасы

2010 жылғы маусым - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

Мазмұндық сипаттағы іс-шаралар

24.

Мыналарды:
- дағдарыстан кейінгі экономиканың оңтайлы құрылымын қазақстандық пайымдауды;
- орнықты бәсекеге қабілеті экономиканы қалыптастыру үшін жағдай жасау жөніндегі ұсынымдарды;
- инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Ұсынымдар мен қарарлардың жобалары

2010 жылғы наурыз - маусым

ЭДСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

25.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, III АЭФ-тың пленарлық мәжілісін ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, ПӘ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы

033 бағдарлама

26.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп «Елдің дағдарыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы» сессиясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы

033 бағдарлама

27.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Инновациялық конгресті ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ИЖТМ, «ҰИҚ» АҚ, «ЭЗИ» АҚ

033 бағдарлама; 2010 жылға арналған республикалық бюджет, ИЖТМ-нің 017 «Инновациялық белсенділікті ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы

28.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда Инновациялық конгрестің панельді сессияларды ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ

033 бағдарлама

29.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Жаңа әлемдік қаржы архитектурасын құру» сессиясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, ҚНРА (келісім бойынша), Қаржымині, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы

033 бағдарлама

30.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын коса алғанда, «Экспорттық-импорттық қатынастар кезінде бірыңғай электронды терезе» семинар-конференциясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы сәуір - шілде

Қаржымині, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

31.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Кеден одағы мәселелері бойынша сессия ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы сәуір - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ЕурАзЭҚ-тың Интеграциялық комитеті (келісім бойынша)

033 бағдарлама

32.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің іскер форумын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ИЖТМ, ЭДСМ, индустриялық-инновациялық бағыты бойынша жұмыс тобы

033 бағдарлама; 2010 жылға арналған республикалық бюджет, ИЖТМ-нің 001 «Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кірігуін, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы

33.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру» секциясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы сәуір - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

34.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Жаһандық энергия-экологиялық стратегия қалыптастыру» секциясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы

033 бағдарлама

35.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, «Дағдарыстан кейінгі кезеңде елдердің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі жастардың орны мен рөлі» секциясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ғылыми бағыт бойынша жұмыс тобы

033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

36.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда, Энергетикалық бизнес-саммитті ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы қаңтар - шілде

ИЖТМ, МГМ, ЭДСМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), энергетикалық бағыт бойынша жұмыс тобы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

37.

Ғылыми және индустриялық-инновациялық жобалардың көрмесін ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы қаңтар - шілде

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ, индустриялық-инновациялық бағыт бойынша жұмыс тобы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

38.

Әлем орталықтарының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің халықаралық конференциясын және дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ-ның демеушілік қаражаты

39.

Спикерлерге (қажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын коса алғанда «Дағдарыстан кейінгі кезеңде исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктері» халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

40.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың III АЭФ ашылу рәсімінде сөйлейтін сөзінің жобасын дайындау

Сөйлейтін сөздің жобасы

2010 жылғы қаңтар - наурыз

ЭДСМ, ПӘ (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

Талап етілмейді

41.

Шетелдік және қазақстандық БАҚ-та имидждік сипаттағы материалдарды қоса алғанда, (деректі фильмдер, бейне-роликтер, мақалалар) материалдар дайындау мен прокатқа шығаруды қоса алғанда, медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру

Форумды жария ету

2010 жылғы наурыз - шілде

БАМ, СІМ, ММ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «ТРК» КАҚ (келісім бойынша), «Қазакқстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

42.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сөйлейтін сөзінің жобасын дайындау

Сөйлейтін сөздің жобасы

2010 жылғы қаңтар - наурыз

ЭДСМ, ПМК, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

Талап етілмейді

43.

Спикерлерге (кажет жағдайда модераторларға) қаламақы төлеу шығыстарын қоса алғанда  ІІІ АЭФ-тың салтанатты жабылуын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2010 жылғы наурыз - шілде

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), ұйымдастыру комитетінің мүшелері

033 бағдарлама, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты

44.

Қорытынды құжаттарды тарату

Тарату жоспары

2010 жылғы шілде

СІМ, ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

033 бағдарлама

45.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне III АЭФ-ты өткізу қорытындылары бойынша есеп дайындау

Есеп

2010 жылғы шілде - тамыз

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

Талап етілмейді

46.

Көбейту және тарату шығыстарын қоса алғанда, III АЭФ қорытындылары бойынша жинақ шығару

Жинақ

2010 жылғы тамыз

ЭДСМ, «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша)

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілік қаражаты, 033 бағдарлама

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПӘ    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
ПМК   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ЭДСМ  - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
СІМ   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ  - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МГМ   - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ   - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
БАМ   - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Қаржыминінің КБК - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
ММ    - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ІІМ   - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ПІБ   - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
ҰҚК ШҚ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» акционерлік қоғамы
«ҰИҚ» - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы
«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«ТРК» КАҚ - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экономикалық қауымдастық
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады