2010 жылғы 6 - 17 шілде аралығында Астана қаласында 51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға (бұдан әрі - Математикалық олимпиада) дайындалу және оны өткізу мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Математикалық олимпиаданың қорытындылары туралы ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген
51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу
және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі, төраға
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Сарыбеков - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы ғылым вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Битуова - Қазақстан Республикасы Білім және
Тілдаш Рысқұлбекқызы ғылым министрлігінің «Дарын»
республикалық ғылыми-практикалық
орталығы» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
директоры, хатшы
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері
Досқалиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Ішкі
Серік Нұртайұлы істер министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Омаров - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы министрінің орынбасары
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы және байланыс агенттігінің төрағасы
Жұмағалиев - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Асқар Қуанышұлы Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген
51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу
және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Атауы |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
---|---|---|---|---|
1. |
Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің және хатшылықтың қызметін ұйымдастыру |
2010 жылғы қаңтар - шілде |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
2. |
Материалдық-техникалық базаны дайындау |
2010 жылғы қаңтар - наурыз |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
3. |
Дайындық тапсырмаларын шешу жолдарымен әзірлеу және оларды ағылшын тіліне аудару |
2010 жылғы қаңтар - ақпан |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
4. |
Шешу жолдары берілген ағылшын тіліндегі дайындық тапсырмалар жинағын Математикалық олимпиадаға қатысушы елдерге жіберу |
2010 жылғы қаңтар - ақпан |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
5. |
Математикалық олимпиаданың турларына арналған материалдар жинақтау |
2010 жылғы қаңтар - наурыз |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
6. |
Олимпиаданың баспасөз орталығының қызметін ұйымдастыру, Математикалық олимпиаданың веб-порталын құру және оның жұмыс істеуі |
2010 жылғы қаңтар - шілде |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
7. |
Математикалық олимпиаданың халықаралық ұйымдастыру комитетінің алдын ала отырысын өткізу |
2010 жылғы қаңтар |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
8. |
Математикалық олимпиаданың қызметін қамтамасыз ету үшін жабдықтар, техникалық құралдар, кеңсе тауарларын сатып алу |
2010 жылғы қаңтар - маусым |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
9. |
Математикалық олимпиаданың эмблемасы мен медальдарының эскиздерін әзірлеуді, кәдесыйлар, жарнама өнімдерін және сертификаттар дайындауды ұйымдастыру |
2010 жылғы қаңтар - маусым |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
10. |
Ресми адамдар мен Математикалық олимпиадаға қатысушылар тұратын, іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті, олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ қозғалыс бағыты бойынша бірге жүруді қамтамасыз ету |
2010 жылғы ақпан - маусым |
БҒМ, ІІМ, Астана қаласының әкімдігі |
РБ 010 бағдарлама |
11. |
Математикалық олимпиадаға қатысушыларға мәдени-экскурсиялық бағдарламаларды әзірлеу және қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
2010 жылғы ақпан - маусым |
БҒМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі |
РБ 010 бағдарлама |
12. |
Математикалық олимпиадаға қатысушылардың (қазылар алқасы, жетекшілер, оқушылар) жатын орындарын, тамақтануын ұйымдастыру |
2010 жылғы ақпан - шілде |
БҒМ, ДСМ, Астана қаласының әкімдігі |
РБ 010 бағдарлама |
13. |
Математикалық олимпиадаға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді, Математикалық олимпиадаға қатысушылар тұратын орындарға медициналық персоналдың кезекшілігін ұйымдастыру |
2010 жылғы ақпан - шілде |
БҒМ, ДСМ |
РБ 010 бағдарлама |
14. |
Математикалық олимпиаданы өткізу кезінде делегацияларға ілесіп жүру, аудармашы-гидтердің қызметін қамтамасыз ету |
2010 жылғы |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
15. |
Математикалық олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатты рәсімдерін өткізу сценарийін әзірлеу |
2010 жылғы ақпан - мамыр |
БҒМ, МАМ |
РБ 010 бағдарлама |
16. |
Кітапшалар шығару: |
2010 жылғы наурыз |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
17. |
Халықаралық қазылар алқасының және команда жетекшілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін үй-жайларды техникалық жабдықтау, сервер және жұмыс станциялары бар ақпараттық есептеу желісін құру |
2010 жылғы шілде |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
18. |
Математикалық олимпиадаға қатысушы елдердің елшіліктерімен байланысты қамтамасыз ету |
2010 жылғы қаңтар - шілде |
БҒМ, СІМ |
РБ 010 бағдарлама |
19. |
Математикалық олимпиадаға қатысушыларды күтіп алуды және шығарып салуды ұйымдастыру |
2010 жылғы шілде |
БҒМ, Астана қаласының әкімдігі |
РБ 010 бағдарлама |
20. |
Математикалық олимпиаданың қорытынды есебін қатысушы елдерге тарату |
2010 жылғы шілде - қараша |
БҒМ |
РБ 010 бағдарлама |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Математикалық олимпиада - 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада
РБ 010 бағдарлама - Республикалық бюджет: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 010 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу» бағдарламасы