51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 10-ө Өкімі

       2010 жылғы 6 - 17 шілде аралығында Астана қаласында 51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға (бұдан әрі - Математикалық олимпиада) дайындалу және оны өткізу мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
      2) Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Математикалық олимпиаданың қорытындылары туралы ақпарат берсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен     
бекітілген      

51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу
және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы

Түймебаев                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы           ғылым министрі, төраға

Тасмағамбетов                - Астана қаласының әкімі, төрағаның
Иманғали Нұрғалиұлы            орынбасары

Сарыбеков                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы          ғылым вице-министрі, төрағаның
                               орынбасары

Битуова                      - Қазақстан Республикасы Білім және
Тілдаш Рысқұлбекқызы           ғылым министрлігінің «Дарын»
                               республикалық ғылыми-практикалық
                               орталығы» республикалық
                               мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
                               директоры, хатшы

      Ұйымдастыру комитетінің мүшелері

Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы            сақтау министрі

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы          коммуникация министрі

Құл-Мұхаммед                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы                және ақпарат министрі

Баймағанбетов                - Қазақстан Республикасының Ішкі
Серік Нұртайұлы                істер министрі

Сұлтанов                     - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы              және бюджеттік жоспарлау министрі

Омаров                       - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы                министрінің орынбасары

Есекеев                      - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы          және байланыс агенттігінің төрағасы

Жұмағалиев                   - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Асқар Қуанышұлы                Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен   
бекітілген     

51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу
және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көзі

1 2 3 4 5

1.

Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің және хатшылықтың қызметін ұйымдастыру

2010 жылғы қаңтар - шілде

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

2.

Материалдық-техникалық базаны дайындау

2010 жылғы қаңтар - наурыз

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

3.

Дайындық тапсырмаларын шешу жолдарымен әзірлеу және оларды ағылшын тіліне аудару

2010 жылғы қаңтар - ақпан

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

4.

Шешу жолдары берілген ағылшын тіліндегі дайындық тапсырмалар жинағын Математикалық олимпиадаға қатысушы елдерге жіберу

2010 жылғы қаңтар - ақпан

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

5.

Математикалық олимпиаданың турларына арналған материалдар жинақтау

2010 жылғы қаңтар - наурыз

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

6.

Олимпиаданың баспасөз орталығының қызметін ұйымдастыру, Математикалық олимпиаданың веб-порталын құру және оның жұмыс істеуі

2010 жылғы қаңтар - шілде

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

7.

Математикалық олимпиаданың халықаралық ұйымдастыру комитетінің алдын ала отырысын өткізу

2010 жылғы қаңтар

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

8.

Математикалық олимпиаданың қызметін қамтамасыз ету үшін жабдықтар, техникалық құралдар, кеңсе тауарларын сатып алу

2010 жылғы қаңтар - маусым

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

9.

Математикалық олимпиаданың эмблемасы мен медальдарының эскиздерін әзірлеуді, кәдесыйлар, жарнама өнімдерін және сертификаттар дайындауды ұйымдастыру

2010 жылғы қаңтар - маусым

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

10.

Ресми адамдар мен Математикалық олимпиадаға қатысушылар тұратын, іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті, олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ қозғалыс бағыты бойынша бірге жүруді қамтамасыз ету

2010 жылғы ақпан - маусым

БҒМ, ІІМ, Астана қаласының әкімдігі

РБ 010 бағдарлама

11.

Математикалық олимпиадаға қатысушыларға мәдени-экскурсиялық бағдарламаларды әзірлеу және қызмет көрсетуді ұйымдастыру

2010 жылғы ақпан - маусым

БҒМ, МАМ, Астана қаласының әкімдігі

РБ 010 бағдарлама

12.

Математикалық олимпиадаға қатысушылардың (қазылар алқасы, жетекшілер, оқушылар) жатын орындарын, тамақтануын ұйымдастыру

2010 жылғы ақпан - шілде

БҒМ, ДСМ, Астана қаласының әкімдігі

РБ 010 бағдарлама

13.

Математикалық олимпиадаға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді, Математикалық олимпиадаға қатысушылар тұратын орындарға медициналық персоналдың кезекшілігін ұйымдастыру

2010 жылғы ақпан - шілде

БҒМ, ДСМ

РБ 010 бағдарлама

14.

Математикалық олимпиаданы өткізу кезінде делегацияларға ілесіп жүру, аудармашы-гидтердің қызметін қамтамасыз ету

2010 жылғы
шілде

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

15.

Математикалық олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатты рәсімдерін өткізу сценарийін әзірлеу

2010 жылғы ақпан - мамыр

БҒМ, МАМ

РБ 010 бағдарлама

16.

Кітапшалар шығару:
«Қазақстанның әйгілі математик ғалымдары», «Қазақстанның жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері», «Халықаралық математикалық олимпиадалар»

2010 жылғы наурыз

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

17.

Халықаралық қазылар алқасының және команда жетекшілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін үй-жайларды техникалық жабдықтау, сервер және жұмыс станциялары бар ақпараттық есептеу желісін құру

2010 жылғы шілде

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

18.

Математикалық олимпиадаға қатысушы елдердің елшіліктерімен байланысты қамтамасыз ету

2010 жылғы қаңтар - шілде

БҒМ, СІМ

РБ 010 бағдарлама

19.

Математикалық олимпиадаға қатысушыларды күтіп алуды және шығарып салуды ұйымдастыру

2010 жылғы шілде

БҒМ, Астана қаласының әкімдігі

РБ 010 бағдарлама

20.

Математикалық олимпиаданың қорытынды есебін қатысушы елдерге тарату

2010 жылғы шілде - қараша

БҒМ

РБ 010 бағдарлама

Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Математикалық олимпиада - 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада
РБ 010 бағдарлама - Республикалық бюджет: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 010 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу» бағдарламасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады