1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық акт қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 27 мамырдағы
№ 78-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 |
Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты зиянды өндіріп алу туралы ережені бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰҚК (келісім бойынша) |
2010 жылғы маусым |
2 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 284қбпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҰҚК (келісім бойынша) |
2010 жылғы маусым |
3 |
Террористік қатынастарға бейім объектілердің тізбесін бекіту туралы |
ҰҚК Төрағасының бұйрығы |
ҰҚК (келісім бойынша) |
2010 жылғы маусым |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті