"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 78-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық акт қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 27 мамырдағы
№ 78-ө өкімімен    
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с № Атауы Актінің нысаны Орындалуына жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі

1

Терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты зиянды өндіріп алу туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы маусым

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 284қбпү қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы маусым

3

Террористік қатынастарға бейім объектілердің тізбесін бекіту туралы

ҰҚК Төрағасының бұйрығы

ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы маусым

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады