Астана қаласында 2011 жылғы 21-22 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 20-шы жыл сайынғы отырысын сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында 2011 жылғы 20-21 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 7-ө өкімімен
бекітілген
2011 жылғы 20 - 21 мамырда Астана қаласында Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шара |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Банктің талаптарына сәйкес ЕҚДБ-ның отырысын өткізу кезеңінде Астанаға және Астанадан тікелей халықаралық авиарейстерді арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау |
2011 жылғы қаңтар |
ККМ, «Эйр Астана» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қаржымині, Ұйымдастыру комитеті |
2 |
Өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға демеушілерді, оның ішінде бас және ақпараттық демеушілерді тарту мәселесін пысықтау |
2011 жылғы қаңтар - ақпан |
«KAZNEX INVEST» АҚ, «Қазагро» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» холдингі» АҚ |
3 |
Отырысты өткізу процесін жалпы ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету |
2011 жылғы қаңтар - мамыр |
Қаржымині, «KAZNEX INVEST» АҚ, ИЖТМ |
4 |
1. ЕҚДБ-ның отырысы шеңберінде Инвестициялық форум өткізуді ұйымдастыру |
2011 жылғы қаңтар - мамыр |
«KAZNEX INVEST» АҚ, ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), СӨП, «Қазагро» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша) |
2. Инвестициялық форумның логотипін әзірлеу |
2011 жылғы қаңтар |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Қаржымині, ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), СӨП |
|
3. Инвестициялық форум шеңберінде панельдік сессияның мазмұнды бөлігін дайындау және толықтыру |
2011 жылғы қаңтар - наурыз |
«KAZNEX INVEST» АҚ, ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), Қаржымині |
|
4. Қазақстандық тауарлар өндірушілер мен қызметтер көрсетушілердің көрмесін ұйымдастыру және өткізу |
2011 жылғы наурыз - мамыр |
ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), СӨП, «Қазагро» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша) |
|
5 |
1. ЕҚДБ-ның отырысын және Қазақстанның Инвестициялық форумын өткізуге байланысты іс-шараларды хабар тарату және баспа БАҚ-та жариялау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу |
2011 жылғы қаңтар - ақпан |
БАМ, «KAZNEX INVEST» АҚ |
2. Іс-шараның баспасөз-релизін дайындау, БАҚ-ты шақыру |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
БАМ, «KAZNEX INVEST» АҚ |
|
3. Отандық және шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуді ұйымдастыру |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
БАМ, СІМ, «KAZNEX INVEST» АҚ |
|
4. Жыл сайынғы отырысты өткізу кезеңінде халықаралық баспасөз-орталығын ұйымдастыру және оның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, БАМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша) |
|
6 |
Жыл сайынғы отырысты өткізу ғимараттарында залдарды және тиісті үй-жайларды жалға алу мәселесін пысықтау |
2011 жылғы қаңтар - ақпан |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
7 |
Жыл сайынғы отырысты өткізу кезеңіне Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу сабақтарын «Шабыт» сарайынан басқа оқу корпустарына көшіру мәселесін пысықтау |
2011 жылғы қаңтар - ақпан |
БҒМ, ҚазҰӨУ, Астана қаласының әкімдігі, Ұйымдастырушы комитет |
8 |
ЕҚДБ-ның талаптарына сәйкес байланыспен және коммуникациялармен қамтамасыз ету |
2011 жылғы ақпан - мамыр |
БАМ, |
9 |
Отырысты өткізу орындарын техникалық жарақтандыру |
2011 жылғы ақпан - мамыр |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Қаржымині |
10 |
Жыл сайынғы отырыс шеңберінде ресми пайдалануға арналған ЕҚДБ жабдықтары мен материалдарын жедел кедендік бақылау мен ресімдеуді қамтамасыз ету |
2011 жылғы 1 қаңтар - 23 мамыр |
Қаржымині |
11 |
Жыл сайынғы отырыста жұмыс істеу үшін студенттер ішінен еріктілерді тарту |
2011 жылғы қаңтар - сәуір |
БҒМ, «KAZNEX INVEST» АҚ |
12 |
Отырысты өткізу орындарында қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру |
2011 жылы қаңтар - мамыр |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша) |
13 |
1. VIP-персоналар үшін қабылдаушы тараптың атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру және өткізу |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Ұйымдастыру комитеті, Қаржымині, СІМ |
2. Жыл сайынғы отырыстың барлық қатысушылары үшін қабылдаушы тараптың атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру және өткізу |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, Жұмыс тобы |
|
14 |
1. Жыл сайынғы отырыс шеңберінде мәдени іс-шаралар өткізу бағдарламасын әзірлеу |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, MM, Қаржымині, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі, Жұмыс тобы |
2. Барлық қатысушылар үшін Инвестициялық форум шеңберіндегі фуршет кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру |
2011 жылғы ақпан |
||
3. Барлық қатысушылар үшін салтанатты қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру |
2011 жылғы ақпан |
||
4. VIP-персоналар (Басқарушылар және Делегация басшылары) үшін салтанатты қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру |
2011 жылғы ақпан |
||
15 |
Отырысқа қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
Астана қаласының әкімдігі, ТСМ, Жұмыс тобы |
Ресми делегаттардың жұбайына (жұбайларына) мәдени бағдарламаны пысықтау |
|||
16 |
Мемлекеттік органдарға ресми делегаттарды бекіту |
2011 жылғы 1 мамырына дейін |
Ұйымдастырушы комитет, Қаржымині |
17 |
Отырыстың қатысушылары үшін материалдарды дайындау (буклеттер, қоржындар, блокноттар, кәдесыйлар және т.б.) |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ |
18 |
Жыл сайынғы отырыстың қатысушыларын визалық қолдауды қамтамасыз ету |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
Қаржымині, СІМ |
19 |
1. Делегация басшылары мен VIP-персоналар үшін автокөліктік қызметті қамтамасыз ету |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, ПІБ (келісім бойынша) |
2. Жыл сайынғы іс-шараларды өткізу орындары және отырысқа қатысушыларды орналастыру үшін таңдап алған қонақ үйлер арасында автобустық қозғалысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру |
2011 жылғы 1 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, ККМ, Жұмыс тобы |
|
20 |
VIP-персоналар мен ресми делегациялардың басшылары үшін жедел кедендік және паспорттық бақылауды қамтамасыз ету |
2011 жылғы |
Қаржымині, Шекара қызметі |
21 |
Отырысқа шетелдік қатысушыларды күтіп алу мен шығарып салу, оның ішінде Астана қаласы әуежайының VIP арқылы өткізуді қамтамасыз ету |
2011 жылғы |
Қаржымині, СІМ, ККМ, ПІБ (келісім бойынша), Жұмыс тобы |
22 |
Отырыс шеңберінде ЕҚДБ-ның отырысы және басқа іс-шаралар үшін баннерлер мен көрсеткіштерді дайындау және орналастыру |
2011 жылғы 15 мамырға дейін |
«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі |
23 |
Іс-шараларды өткізу орындарында қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау |
Отырысты өткізу күндері |
ІІМ, ПҚҚ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Жұмыс тобы |
24 |
Ресми делегация басшылары мен қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
Отырысты өткізу күндері |
ДСМ, ПІБ (келісім бойынша), |
25 |
Отырысқа қатысушыларды Астана қаласының қонақ үйлерінде орналастыру кезінде жәрдем көрсету |
Отырысты өткізу күндері |
Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
CІM - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
СӨП - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасы
Шекара қызметі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Ұйымдастыру комитеті - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті
Жұмыс тобы - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тобы
ЕҚДБ - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі
«Президенттің ТРК» АҚ - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» акционерлік қоғамы
ҚазҰӨУ - Қазақ ұлттық өнер университеті
«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы
«Зерде» АҚ - «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
«ҰАТ» АҚ - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
«KAZNEX INVEST» АҚ - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
Меморандум - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2011 жылы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандум