Астана қаласында 2011 жылғы 20-21 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 7-ө Өкімі

      Астана қаласында 2011 жылғы 21-22 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің 20-шы жыл сайынғы отырысын сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында 2011 жылғы 20-21 мамырда Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 7-ө өкімімен  
бекітілген    

2011 жылғы 20 - 21 мамырда Астана қаласында Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

1

Банктің талаптарына сәйкес ЕҚДБ-ның отырысын өткізу кезеңінде Астанаға және Астанадан тікелей халықаралық авиарейстерді арттыру бойынша қажетті шаралар қабылдау

2011 жылғы қаңтар

ККМ, «Эйр Астана» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қаржымині, Ұйымдастыру комитеті

2

Өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға демеушілерді, оның ішінде бас және ақпараттық демеушілерді тарту мәселесін пысықтау

2011 жылғы қаңтар - ақпан

«KAZNEX INVEST» АҚ, «Қазагро» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Зерде» холдингі» АҚ

3

Отырысты өткізу процесін жалпы ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету

2011 жылғы қаңтар - мамыр

Қаржымині, «KAZNEX INVEST» АҚ, ИЖТМ

4
 

 
 
 

 
 
 

1. ЕҚДБ-ның отырысы шеңберінде Инвестициялық форум өткізуді ұйымдастыру

2011 жылғы қаңтар - мамыр

«KAZNEX INVEST» АҚ, ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), СӨП, «Қазагро» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша)

2. Инвестициялық форумның логотипін әзірлеу

2011 жылғы қаңтар

«KAZNEX INVEST» АҚ, Қаржымині, ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), СӨП  

3. Инвестициялық форум шеңберінде панельдік сессияның мазмұнды бөлігін дайындау және толықтыру

2011 жылғы қаңтар - наурыз

«KAZNEX INVEST» АҚ, ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), Қаржымині

4. Қазақстандық тауарлар өндірушілер мен қызметтер көрсетушілердің көрмесін ұйымдастыру және өткізу

2011 жылғы наурыз - мамыр

ИЖТМ, ЭДСМ («ЭЗИ» АҚ), СӨП, «Қазагро» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша)

5
 

 
 
 

 
 
 

1. ЕҚДБ-ның отырысын және Қазақстанның Инвестициялық форумын өткізуге байланысты іс-шараларды хабар тарату және баспа БАҚ-та жариялау жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу

2011 жылғы қаңтар - ақпан

БАМ, «KAZNEX INVEST» АҚ

2. Іс-шараның баспасөз-релизін дайындау, БАҚ-ты шақыру

2011 жылғы 1 мамырға дейін

БАМ, «KAZNEX INVEST» АҚ

3. Отандық және шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуді ұйымдастыру

2011 жылғы 1 мамырға дейін

БАМ, СІМ, «KAZNEX INVEST» АҚ

4. Жыл сайынғы отырысты өткізу кезеңінде халықаралық баспасөз-орталығын ұйымдастыру және оның толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, БАМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

6

Жыл сайынғы отырысты өткізу ғимараттарында залдарды және тиісті үй-жайларды жалға алу мәселесін пысықтау

2011 жылғы қаңтар - ақпан

«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

7

Жыл сайынғы отырысты өткізу кезеңіне Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу сабақтарын «Шабыт» сарайынан басқа оқу корпустарына көшіру мәселесін пысықтау

2011 жылғы қаңтар - ақпан

БҒМ, ҚазҰӨУ, Астана қаласының әкімдігі, Ұйымдастырушы комитет

8

ЕҚДБ-ның талаптарына сәйкес байланыспен және коммуникациялармен қамтамасыз ету

2011 жылғы ақпан - мамыр

БАМ,
«Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша),
«Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша),
«ҰАТ» АҚ (келісім бойынша)

9

Отырысты өткізу орындарын техникалық жарақтандыру

2011 жылғы ақпан - мамыр

«KAZNEX INVEST» АҚ, Қаржымині

10

Жыл сайынғы отырыс шеңберінде ресми пайдалануға арналған ЕҚДБ жабдықтары мен материалдарын жедел кедендік бақылау мен ресімдеуді қамтамасыз ету

2011 жылғы 1 қаңтар - 23 мамыр

Қаржымині

11

Жыл сайынғы отырыста жұмыс істеу үшін студенттер ішінен еріктілерді тарту

2011 жылғы қаңтар - сәуір

БҒМ, «KAZNEX INVEST» АҚ

12

Отырысты өткізу орындарында қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру

2011 жылы қаңтар - мамыр

«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, ПІБ (келісім бойынша)

13
 

1. VIP-персоналар үшін қабылдаушы тараптың атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру және өткізу

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, Ұйымдастыру комитеті, Қаржымині, СІМ

2. Жыл сайынғы отырыстың барлық қатысушылары үшін қабылдаушы тараптың атынан ресми қабылдауды ұйымдастыру және өткізу

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, Жұмыс тобы

14
 
 

1. Жыл сайынғы отырыс шеңберінде мәдени іс-шаралар өткізу бағдарламасын әзірлеу

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, MM, Қаржымині, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі, Жұмыс тобы

2. Барлық қатысушылар үшін Инвестициялық форум шеңберіндегі фуршет кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру

2011 жылғы ақпан

3. Барлық қатысушылар үшін салтанатты қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру

2011 жылғы ақпан

4. VIP-персоналар (Басқарушылар және Делегация басшылары) үшін салтанатты қабылдау кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастыру

2011 жылғы ақпан

15
 

Отырысқа қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастыру

2011 жылғы 1 мамырға дейін
 

Астана қаласының әкімдігі, ТСМ, Жұмыс тобы
 

Ресми делегаттардың жұбайына (жұбайларына) мәдени бағдарламаны пысықтау

16

Мемлекеттік органдарға ресми делегаттарды бекіту

2011 жылғы 1 мамырына дейін

Ұйымдастырушы комитет, Қаржымині

17

Отырыстың қатысушылары үшін материалдарды дайындау (буклеттер, қоржындар, блокноттар, кәдесыйлар және т.б.)

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ

18

Жыл сайынғы отырыстың қатысушыларын визалық қолдауды қамтамасыз ету

2011 жылғы 1 мамырға дейін

Қаржымині, СІМ

19
 

1. Делегация басшылары мен VIP-персоналар үшін автокөліктік қызметті қамтамасыз ету

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, ПІБ (келісім бойынша)

2. Жыл сайынғы іс-шараларды өткізу орындары және отырысқа қатысушыларды орналастыру үшін таңдап алған қонақ үйлер арасында автобустық қозғалысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру

2011 жылғы 1 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, ККМ, Жұмыс тобы

20

VIP-персоналар мен ресми делегациялардың басшылары үшін жедел кедендік және паспорттық бақылауды қамтамасыз ету

2011 жылғы
10 - 23 мамыр

Қаржымині, Шекара қызметі

21

Отырысқа шетелдік қатысушыларды күтіп алу мен шығарып салу, оның ішінде Астана қаласы әуежайының VIP арқылы өткізуді қамтамасыз ету

2011 жылғы
10 - 21 мамыр

Қаржымині, СІМ, ККМ, ПІБ (келісім бойынша), Жұмыс тобы

22

Отырыс шеңберінде ЕҚДБ-ның отырысы және басқа іс-шаралар үшін баннерлер мен көрсеткіштерді дайындау және орналастыру

2011 жылғы 15 мамырға дейін

«KAZNEX INVEST» АҚ, Астана қаласының әкімдігі

23

Іс-шараларды өткізу орындарында қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау

Отырысты өткізу күндері

ІІМ, ПҚҚ (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Жұмыс тобы

24

Ресми делегация басшылары мен қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Отырысты өткізу күндері

ДСМ, ПІБ (келісім бойынша),

25

Отырысқа қатысушыларды Астана қаласының қонақ үйлерінде орналастыру кезінде жәрдем көрсету

Отырысты өткізу күндері

Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
CІM - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ПКҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
СӨП - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасы
Шекара қызметі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
Ұйымдастыру комитеті - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті
Жұмыс тобы - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тобы
ЕҚДБ - Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі
«Президенттің ТРК» АҚ - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» акционерлік қоғамы
ҚазҰӨУ - Қазақ ұлттық өнер университеті
«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы
«Зерде» АҚ - «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы
«ҰАТ» АҚ - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
«KAZNEX INVEST» АҚ - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
Меморандум - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2011 жылы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің жыл сайынғы отырысын өткізу мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандум

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады