Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 469 өкіміне сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысушыларға Мемлекет басшысының атынан ресми қабылдау өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
2. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына (келісім бойынша) жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов