Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 59-ө Өкімі

      Қазақстан халқы Ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 469 өкіміне сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысушыларға Мемлекет басшысының атынан ресми қабылдау өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      2. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығына (келісім бойынша) жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады