«Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 95-р өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына:
реттік нөмірі 1.8-жолдың 5-бағанындағы «2011 жылғы 28 қыркүйек» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін екі айы мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын.
реттік нөмірі 2.2, 6.3-жолдардың 4-бағанындағы «Қаржымині» деген сөз «ЭДСМ, Қаржымині» деген аббревиатурамен және сөзбен ауыстырылсын.
Премьер-Министр К. Мәсімов