"Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 95-р өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 147-ө Өкімі

      «Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 95-р өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына:
      реттік нөмірі 1.8-жолдың 5-бағанындағы «2011 жылғы 28 қыркүйек» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін екі айы мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын.
      реттік нөмірі 2.2, 6.3-жолдардың 4-бағанындағы «Қаржымині» деген сөз «ЭДСМ, Қаржымині» деген аббревиатурамен және сөзбен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады