Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 95-ө Өкімі

      Республикалық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік шығыстардың, сондай-ақ экономиканың квазимемлекеттік секторы шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мүдделі мемлекеттік органдар Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын және Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, 10 қаңтар және 10 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 06.06.2013 № 91-ө өкімімен.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жылына екі рет, 30 қаңтар және 30 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 06.06.2013 № 91-ө өкімімен.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 06.06.2013 № 91-ө өкімімен.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 95-ө өкімімен   
бекітілген     

Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2011.12.05 № 147-ө, 2012.11.16 N 212-ө; 06.06.2013 № 91-ө өкімдерімен.

р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру

1.1

Мыналар:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржыминi, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi


1) 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бойынша;

2012-2013 жылдар, 30 қаңтар

2) 2014 жылы республикалық бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың жаңа форматын және бюджеттiк бағдарламалар форматын кезең-кезеңiмен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу

2014 жылғы 30 шілде

1.2

Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қойылатын талаптарды қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде

1.3

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуді регламенттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы, ЭБЖМ бұйрығы

ЭБЖМ

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы қабылданғаннан кейiн бiр ай мерзiмде

1.4

Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының, мақсаттарының, міндеттерінің бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ
(жинақтау), Қаржымині

2012 жылғы
30 қаңтар

1.5

Қолданыстағы барлық тиістілік нормалары мен шығындар нормативтеріне тексеру жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ЭДСМ, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

2012 жылғы
30 қаңтар және
30 шілде

1.6

Бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелерін есепке ала отырып, бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша ЭБЖМ қорытындысы

ЭБЖМ, Қаржымині, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

Мамыр-шілде
(жыл сайын)

1.7

Жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды (инвестициялық жоба, жарғылық капитал, бюджеттік кредиттер) алдын ала талдау және бағалау негізінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині

2012 жылғы
30 шілде

1.8

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілетті органдар үшін семинар-кеңестер өткізу

Семинар-кеңес

ЭБЖМ

"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін екі айы мерзімде

2. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін жетілдіру

2.1

Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін жақсарту үшін бюджет қаражатының қалыптасқан үнемін пайдалану бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыреттерінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының өту барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині

2012 жылғы
30 қаңтар және
30 шілде

2.2

Бір жылдан астам іске асыру мерзімі бар бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау және жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға бюджет қаражатын аудару тәртібін өзгерту бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының өту барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету

Қазақстан Республикасы Үкіметіне есеп

ЭБЖМ, Қаржымині

2011 жылғы
30 қараша,
2012 жылғы
30 қаңтар

2.3

Сот шешімдері бойынша мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау тетігін жетілдіру бөлігінде Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы
30 қыркүйек

2.4

Мемлекеттік шығыстарға ағымдағы бақылауды күшейту бөлігінде Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2012 жылғы
27 ақпан

3. Бюджетаралық қатынастар

3.1

Бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ (жинақтау), Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы
1 қыркүйек,
2012 жылғы
31 желтоқсан

4. Мемлекеттік мекемелерде ҚСХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есепті енгізу

4.1

Мемлекеттік мекеме мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық және тоқсандық есептерінің нысандары бойынша негізгі көрсеткіштерді келісу схемасын әзірлеу бөлігінде Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2012 жылғы
20 желтоқсан

4.2

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде есептік ақпаратты ашу бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін құру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2013 жылғы
20 желтоқсан

5. Бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау

5.1

Бюджеттік мониторингті жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мониторингін енгізу бөлігінде толықтырулар енгізу


Қаржыминi

2014 жылғы
30 желтоқсан

5.2

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер қалыптастыратын қолданыстағы есептіліктер түрлеріне тексеру жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

2013 жылғы
30 қаңтар және
30 шілде

6. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру

6.1

Ішкі бақылау қызметтерінің жұмысын іс жүзіндегі тексерістен тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесінің сенімділігін тексеруге қайта бағыттау бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

Қаржымині

2012 жылғы
15 наурыз

6.2

Ішкі бақылау қызметтерінің республикалық және жергілікті мүліктің сақталуына бақылау жүргізу

Мемлекеттік органның басшысына есеп беру

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар

Жыл сайын
1 желтоқсанға

6.3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және қаржы-экономикалық негіздемеде көзделген мақсаттарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануына бақылауды жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетіне өкілеттіктер беру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының өту барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету

Қазақстан
Республикасының
Үкіметіне есеп

ЭБЖМ, Қаржымині

2011 жылғы
23 желтоқсан

6.4

Тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы бақылау іс-шараларын жоспарлау жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу (тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу)

ЭБЖМ-ге ақпарат

Қаржымині

2014 жылғы
желтоқсан

6.5

Ішкі бақылау қызметтері жұмысында құқықтық және әдіснамалық жұмыстарды түсіндіруді күшейту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және оларға басшылық ету

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қаржымині

тұрақты

7. Мемлекеттік қаржыны басқарудың ақпараттық жүйесі

7.1

Ерекше жұмыс режимі жоқ барлық мемлекеттік мекемелерге «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде қызмет көрсетуге ауысу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині

2011 жылғы
30 тамыз,
2012-2013
жылдары
30 қаңтар,
30 шілде

7.2

Конкурс және аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға көшу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

Қаржымині

2012 жылғы
30 қаңтар және
30 шілде

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚСХҚЕС - қоғамдық секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады