Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Орынбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Жұмағалиев |
– |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, жетекшінің орынбасары |
Мусин |
– |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы, хатшы |
Ыбыраев |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
Әмірин |
– |
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы |
Дүйсенова |
– |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы |
Жошыбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Құрманғалиева |
– |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Ақшолақов |
– |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Ерғожин |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Жақсылықов |
– |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Құрманғалиева |
– |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Мұхамбетов |
– |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Сәрсенов |
– |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Смайылов |
– |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi |
Тыныбеков |
– |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Шаяхметов |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Мизанбаев |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Нұрлыбай |
– |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Бимендина |
– |
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы |
Мырзалин |
– |
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы |
Нұрғалиев |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы |
Пірметов |
– |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы |
Ашуев |
– |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Ахметжанов |
– |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Досмұхамбетова |
– |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Мәтішев |
– |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары (Монополияға қарсы агенттік) |
Тихонюк |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Ноғайбеков |
– |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы |
Сапаров |
– |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары |
Жамаубаев |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Испанов |
– |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Экономика және қаржы департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Қабдығалиева |
– |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің статистика және құқықтық ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Ыбыраев |
– |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегия және корпоративтік даму департаментінің директоры |
2. Жұмыс тобы:
1) 2012 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша, ал әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер бойынша - 2012 жылғы 1 мамырға дейін іс-шаралар жоспарларын әзірлесін;
2) 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар берсін.
3. «Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 114-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевқа жүктелсiн.
Премьер-Министр К. Мәсімов