Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 114-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 77-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2012.04.16 № 77-ө Өкімімен.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында,
      1. Мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы          орынбасары, жетекші

Жұмағалиев               - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы            ақпарат министрі, жетекшінің орынбасары

Мусин                    - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Бағдат Батырбекұлы         ақпарат министрлігі Мемлекеттік
                           қызметтерді автоматтандыруды бақылау және
                           халыққа қызмет көрсету орталықтарының
                           қызметін үйлестіру комитеті төрағасының
                           орынбасары, хатшы

Ыбыраев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Азамат Болатұлы            Кеңсесі Басшысының орынбасары

Аманбаев                 - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Әмірхан Тапашұлы           орынбасары

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәлиұлы            халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы          вице-министрі

Кулинич                  - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Александр Васильевич       министрінің орынбасары

Құрманғалиева            - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Аида Дәденқызы             вице-министрі

Сәрсенов                 - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Сәкен Сейітжаппарұлы       ақпарат вице-министрі

Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы      жағдайлар вице-министрi

Сүлейменов               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы             даму және сауда вице-министрі

Шеңгелбаев               - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы          спорт вице-министрі

Ырсалиев                 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Серік Әзтайұлы             вице-министрі

Көмекбаев                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Әли Амантайұлы             істері агенттігі төрағасының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Мақажанов                - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Нығмеджан Қойшыбайұлы      басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Ыбыраева                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Амангүл Құмарбекқызы       Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр
                           жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Жоламанов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Нұрлан Айтманұлы           министрлігі Штабтар бастықтары комитеті
                           төрағасының бірінші орынбасары

Нұрлыбай                 - Қазақстан Республикасы Бас
Сәбит Нұрлыбайұлы          прокуратурасының Құқықтық статистика және
                           арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
                           төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қабдығалиева             - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Айжан Есенгелдіқызы        жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз
                           ету департаментінің (Қазақстан
                           Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)
                           статистика және ақпараттандыру бөлімінің
                           меңгерушісі (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2011 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      3. «Халықаралық тәжірибені зерделеуді есепке ала отырып, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтан талап етілетін құжаттар санын қысқарту және оларды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 48-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсiн.

      Премьер-Министр                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады