1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және заңнамада белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 20 сәуірдегі
№ 83-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
инвестициялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20
ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдауы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Акт нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Инвестициялар туралы» «Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2012 жылғы сәуір |
2. |
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы сәуір |
3. |
Инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның бизнес-жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы сәуір |
4. |
Инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы сәуір |
5. |
Инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасының ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы сәуір |
6. |
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
ИЖТМ |
2012 жылғы сәуір |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.