1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 136-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға
айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілерінің беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ЭДСМ, СДШІА, ҰБ (келісім бойынша) |
2012 жылғы қыркүйек |
2. |
Қазақстан Республикасының аумағында дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша) |
2012 жылғы қараша |
3. |
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы шілде |
4. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2012 жылғы шілде |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
СДШІА - Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі