"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақша айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 30 шілдедегі № 136-ө Өкiмi

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 136-ө өкімімен 
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға
айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2012 жылғы 21 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі субъектілерінің беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), Әділетмині, ЭДСМ, СДШІА, ҰБ (келісім бойынша)

2012 жылғы қыркүйек

2.

Қазақстан Республикасының аумағында дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ҰБ (келісім бойынша)

2012 жылғы қараша

3.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2012 жылғы шілде

4.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қаржымині бұйрығы

Қаржымині

2012 жылғы шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
СДШІА - Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады