1. Қоса беріліп отырған Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 222-ө өкімімен
бекітілген
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің
ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық
авиакомпаниялардың ұшуына қойылған шектеулерді алып тастау
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығындар (млн. теңге*) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
Қазақстанның кейіннен Еуропалық азаматтық авиация конференциясына (ЕААК) кіруі үшін ЕААК-пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, СІМ |
2012-2013 ж.ж. |
Талап етілмейді |
- |
2. |
ЕААК-пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқаннан кейін ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпарат жинау мен алмасу мақсатында Еуропалық азаматтық қауіпсіздік агенттігімен (EASA) ынтымақтастық туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, СІМ |
2013 ж. |
Талап етілмейді |
- |
3. |
Еуропалық Одақ елдерінің өкілдерімен және ИКАО Еуропа/Солтүстік Атлантика өңірлік бюросымен қазақстандық авиакомпанияларды қара тізімнен шығару мәселесі бойынша кездесулер өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, СІМ |
2012-2013 ж.ж. |
Талап етілмейді |
- |
4. |
ЕО мемлекеттерімен әуе қатынасы шарттарын ырықтандыру және ЕК-пен көлденең келісім жасау мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2013 ж. |
Талап етілмейді |
- |
5. |
Қазақстандық делегацияның Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің кезекті отырысына қатысуы |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, СІМ |
2012-2013 ж.ж. |
Республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде |
Республикалық бюджет |
6. |
ҚР ККМ штат санының жалпы лимиті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Азаматтық авиация комитеті инспекторларының штат санын ұлғайту мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, МҚІА, Қаржымині, ЭДСМ |
2012 ж. |
Талап етілмейді |
|
7. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ тексеруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің айлықақыларына тіркелген үстемеақылар белгілеу мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, Қаржымині, ЭДСМ, МҚІА |
2012 ж. қазан |
Талап етілмейді |
|
8. |
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ (жинақтау), БҒМ, Қаржымині |
2013-2014 ж.ж. |
Талап етілмейді |
|
9. |
ҚР авиакомпанияларынан Еуроаймаққа ұшуға шектеулерді алу жөнінде ықпал ету үшін консалтингтік компанияларды тарту мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, Қаржымині, «ҰҚҚО» РМК (келісім бойынша) «ҚАН» РМК (келісім бойынша) |
2012-2013 ж.ж. |
Бюджеттен тыс қаражат |
|
10. |
Тәжірибе алмасу мақсатында «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» РМК-де жұмыс істеу үшін шетелдік мамандарды тарту жөніндегі шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ҰҚҚО» РМК (келісім бойынша) |
2012-2013 ж.ж |
Бюджеттен тыс қаражат |
|
11. |
ККМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы қызметкерлерінің авиациялық оқиғаларға тексеру жүргізуі үшін жорық жарақтары жиынтығын сатып алу бойынша шаралар қабылдау (Негіздеме: Doc 9756 AN/965 ИКАО) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ |
2012 ж. |
2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде |
Республикалық бюджет |
12. |
Әуе трассаларының және әуеайлақтардың географиялық координаталарын аэронавигациялық ақпарат құжаттарында анықтау және жариялау үшін бірыңғай тірек жүйесі ретінде 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ (жинақтау), ҰҚК, Қорғанысмині, ЭДСМ, ЖРБА, «ҚАН» РМК (келісім бойынша) |
2013 ж. |
1,352 |
«ҚАН» РМК өз қаражаты |
13. |
ИКАО стандарттарының талаптарына сәйкес (4, 11, 14, 15-қосымшалар) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің халықаралық және ұлттық пайдаланушыларын жер және кедергілер туралы электрондық деректермен қамтамасыз ету мақсатында 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесінде геокеңістіктік деректерді жариялауға және таратуға шектеулерді алып тастау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ (жинақтау), ҰҚК, Қорғанысмині, ЭДСМ, ЖРБА, «ҚАН» РМК (келісім бойынша) |
2012 ж. желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
14. |
Азаматтық авиация саласындағы үздіксіз және толық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы авиациялық әкімшілігінің қызметін автоматтандыру мәселесін пысықтау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ККМ, ЭДСМ, Қаржымині |
2013 ж. |
Талап етілмейді |
Ескертпе:
* іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді түзету кезінде нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚАН» РМК - «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
«ҰҚҚО» РМК - «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
ЕААК - Еуропалық азаматтық авиация конференциясы