Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 222-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық авиакомпаниялардың ұшуына қойылған шектеулерді алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары:
      1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 222-ө өкімімен   
бекітілген      

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудитінің
ескертулерін жою және Еуропалық Одақ елдеріне қазақстандық
авиакомпаниялардың ұшуына қойылған шектеулерді алып тастау
жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығындар (млн. теңге*)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстанның кейіннен Еуропалық азаматтық авиация конференциясына (ЕААК) кіруі үшін ЕААК-пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, СІМ

2012-2013 ж.ж.

Талап етілмейді

-

2.

ЕААК-пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасқаннан кейін ұшу қауіпсіздігі саласындағы ақпарат жинау мен алмасу мақсатында Еуропалық азаматтық қауіпсіздік агенттігімен (EASA) ынтымақтастық туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, СІМ

2013 ж.

Талап етілмейді

-

3.

Еуропалық Одақ елдерінің өкілдерімен және ИКАО Еуропа/Солтүстік Атлантика өңірлік бюросымен қазақстандық авиакомпанияларды қара тізімнен шығару мәселесі бойынша кездесулер өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, СІМ

2012-2013 ж.ж.

Талап етілмейді

-

4.

ЕО мемлекеттерімен әуе қатынасы шарттарын ырықтандыру және ЕК-пен көлденең келісім жасау мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 ж.

Талап етілмейді

-

5.

Қазақстандық делегацияның Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің кезекті отырысына қатысуы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, СІМ

2012-2013 ж.ж.

Республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде

Республикалық бюджет

6.

ҚР ККМ штат санының жалпы лимиті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Азаматтық авиация комитеті инспекторларының штат санын ұлғайту мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, МҚІА, Қаржымині, ЭДСМ

2012 ж.

Талап етілмейді


7.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ тексеруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің айлықақыларына тіркелген үстемеақылар белгілеу мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, Қаржымині, ЭДСМ, МҚІА

2012 ж. қазан

Талап етілмейді


8.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), БҒМ, Қаржымині

2013-2014 ж.ж.

Талап етілмейді


9.

ҚР авиакомпанияларынан Еуроаймаққа ұшуға шектеулерді алу жөнінде ықпал ету үшін консалтингтік компанияларды тарту мүмкіндігін қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, Қаржымині, «ҰҚҚО» РМК (келісім бойынша) «ҚАН» РМК (келісім бойынша)

2012-2013 ж.ж.


Бюджеттен тыс қаражат

10.

Тәжірибе алмасу мақсатында «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» РМК-де жұмыс істеу үшін шетелдік мамандарды тарту жөніндегі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ҰҚҚО» РМК (келісім бойынша)

2012-2013 ж.ж


Бюджеттен тыс қаражат

11.

ККМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы қызметкерлерінің авиациялық оқиғаларға тексеру жүргізуі үшін жорық жарақтары жиынтығын сатып алу бойынша шаралар қабылдау (Негіздеме: Doc 9756 AN/965 ИКАО)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ

2012 ж.

2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде

Республикалық бюджет

12.

Әуе трассаларының және әуеайлақтардың географиялық координаталарын аэронавигациялық ақпарат құжаттарында анықтау және жариялау үшін бірыңғай тірек жүйесі ретінде 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), ҰҚК, Қорғанысмині, ЭДСМ, ЖРБА, «ҚАН» РМК (келісім бойынша)

2013 ж.

1,352

«ҚАН» РМК өз қаражаты

13.

ИКАО стандарттарының талаптарына сәйкес (4, 11, 14, 15-қосымшалар) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің халықаралық және ұлттық пайдаланушыларын жер және кедергілер туралы электрондық деректермен қамтамасыз ету мақсатында 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесінде геокеңістіктік деректерді жариялауға және таратуға шектеулерді алып тастау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ (жинақтау), ҰҚК, Қорғанысмині, ЭДСМ, ЖРБА, «ҚАН» РМК (келісім бойынша)

2012 ж. желтоқсан

Талап етілмейді

-

14.

Азаматтық авиация саласындағы үздіксіз және толық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы авиациялық әкімшілігінің қызметін автоматтандыру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ККМ, ЭДСМ, Қаржымині

2013 ж.

Талап етілмейді


      Ескертпе:
      * іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді түзету кезінде нақтыланатын болады;
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
      МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «ҚАН» РМК - «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      «ҰҚҚО» РМК - «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
      ЕААК - Еуропалық азаматтық авиация конференциясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады