1. «Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 95-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
2, 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүдделі мемлекеттік органдар Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды орындау жөнінде шаралар қабылдасын және Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, 10 қаңтар және 10 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жылына екі рет, 30 қаңтар және 30 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 1.1-жолдың 4-бағанындағы «Қаржымині, ЭДСМ» деген аббревиатуралар «ЭБЖМ, Қаржымині» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.2-жолдың 3, 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар» «ЭБЖМ»;
реттік нөмірі 1.3, 1.4, 1.7, 1.8, 2.1, 2.2, 6.3-жолдардың 3, 4-бағандарындағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.6-жолда:
3-бағанда «Қаржымині» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ, Қаржымині, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері»;
реттік нөмірі 5.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.1 |
Бюджеттік мониторингті жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа бюджеттік бағдарламалар нәтижелері көрсеткіштерінің мониторингін енгізу бөлігінде толықтырулар енгізу |
Қаржымині |
2014 жылғы 30 желтоқсан |
»;
реттік нөмірі 6.4-жолда:
3-бағанда «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылғы желтоқсан»;
Ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
«ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі».
Премьер-Министр С. Ахметов