1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 1 шілдедегі
№ 100-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік органдар |
Әзірлеу және Үкіметке енгізу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ |
2013 жылғы маусым |
2. |
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік кұралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), ӨДМ |
2013 жылғы маусым |
3. |
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ (жинақтау), ӨДМ |
2013 жылғы маусым |
4. |
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ӨДМ |
2013 жылғы маусым |
5. |
Мәслихаттардың үлгі регламентін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ӨДМ |
2013 жылғы маусым |
6. |
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандары, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппарат басшыларын тағайындаудың және қызметтен босатудың кейбір мәселелері туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
МҚІА (келісім бойынша), ЭБЖМ, ӨДМ |
2013 жылғы тамыз |
7. |
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
МҚІА (келісім бойынша), ЭБЖМ |
2013 жылғы тамыз |
8. |
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы |
МҚІА (келісім бойынша) |
2013 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі