"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 100-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 1 шілдедегі
№ 100-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Әзірлеу және Үкіметке енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭБЖМ

2013 жылғы маусым

2.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік кұралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), ӨДМ

2013 жылғы маусым

3.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), ӨДМ

2013 жылғы маусым

4.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ӨДМ

2013 жылғы маусым

5.

Мәслихаттардың үлгі регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ӨДМ

2013 жылғы маусым

6.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандары, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппарат басшыларын тағайындаудың және қызметтен босатудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІА (келісім бойынша), ЭБЖМ, ӨДМ

2013 жылғы тамыз

7.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІА (келісім бойынша), ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

8.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы

МҚІА (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады