1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 112-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 21.10.2013 № 168-ө өкімімен.
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині, ҰҚК (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ |
2013 жылғы қазан |
2. |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
3. |
Көрсетілетін заң көмегі сапасының өлшемдерін бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
4. |
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімнің нысанын бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
5. |
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы |
Әділетминінің бұйрығы (СА-мен келісім бойынша) |
Әділетмині |
2013 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭҚСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.