Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 123-V Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 71-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы ол қаулы шығарады. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішiнде орындалуға жатады.»;
      2) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «72-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру,
               оның еңбегiне ақы төлеу
      1. Қорғаушыны күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсiмiмен басқа тұлғалар шақырады. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғану үшiн бiрнеше қорғаушыны шақыруға құқылы.
      2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның сұрауы бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
      3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) iшiнде қатысуы мүмкiн болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе қорғаушыны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы тағайындауға шаралар қолдануға міндетті. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды  шақыруды ұсынуға құқылы емес.
      4. Ұстау немесе күзетпен ұстау жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушының келуi жиырма төрт сағаттың iшiнде мүмкiн болмаса, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда қорғаушыны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлімшелері арқылы тағайындауға шаралар қолданады.
      5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiздер болған жағдайда күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      6. Осы Кодекстiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат анықтау, алдын ала тергеу ісін жүргiзуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
      7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысса, қорғаушының қатысуы қажет болатын iс жүргiзу әрекетi оған тиiстi күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауы себебінен заңсыз болып таныла алмайды.
      8. Адвокат қылмыстық іске қорғаушы ретінде қатысуға адвокат куәлігін және өзінің нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын ордерін көрсетуі бойынша жіберіледі. Осы Кодекстің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа тұлғалар өздерінің қылмыстық іске қорғаушы ретінде қатысуға құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.»;
      3) 80-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін олардың заңды өкілдері мен өкілдері іске міндетті түрде қатысуға тартылады.
      Мұндай жағдайларда жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокат жәбірленушінің өкілі ретінде жіберіледі. Егер адвокатты жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізуші орган қаулы шығару жолымен адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде орындалуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган қорғаушы ретінде нақты адвокатты шақыруды ұсынуға құқылы емес.
      Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде азаматтарға заң көмегін көрсететін адвокаттардың еңбегіне ақы төлеудің және олардың қорғауға, өкілдік етуге және өзге де заң көмегін көрсетуге байланысты шығыстарын өтеудің мөлшерін, тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      4) 172-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қылмыстық процестi жүргiзуші орган, оған негiздер болған жағдайда қорғаушы тағайындау туралы және күдіктiнi, айыпталушыны, жәбірленушіні заң көмегiне ақы төлеуден босату туралы қаулыны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберуге міндетті. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегiне ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жіберіледі.
      3. Осы Кодекстің 71-бабының үшінші бөлігінде және 80-бабының екінші бөлігінде көзделген, адвокат анықтау, алдын ала тергеу ісін жүргізуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайларда адвокаттың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражатының есебіне жатқызылуға тиіс.».
      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) мазмұнындағы 114-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «114-бап. Тегін заң көмегін көрсету»;
      2) 114-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «114-бап. Тегін заң көмегін көрсету
      1. Істі сот талқылауына дайындаған кезде судья немесе істі қараған кезде сот заңда көзделген мынадай:
      1) асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қараған;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлер үшін кәсіпкерлік қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен, кепілдік берілген заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына осы тұлғаның заң көмегін тегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, судья немесе сот өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша тұлғаны мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелденген ұйғарым шығарады.
      5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, соттың немесе судьяның тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы ұйғарымы дереу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
      3) 304-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі «көмегi» деген сөзден кейін «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 23-баптың бірінші бөлігіндегі «заңға» деген сөз «осы Кодекстің ережелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 589-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған жағдайда қорғаушыны әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылатын тұлғаның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен басқа тұлғалар шақырмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы олар қаулы шығарады. Қаулы орындау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі және алынған кезінен бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.»;
      3) 590-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) оған негiздер болған жағдайда өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлетін тұлғаны заң көмегiне ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледi.
      6. Осы Кодекстiң 589-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат іс бойынша iс жүргiзуге тағайындау арқылы қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.».
      4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
      1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Тегін заң көмегін көрсету
      1. Адвокаттар мыналарға:
      1) соттар асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қараған кезде қуынушыларға;
      2) егер сот қарап жатқан дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлерге;
      3) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға заң көмегін тегін көрсетеді, қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттарды жасайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда, адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. Адвокат бюджет қаражаты есебінен көрсететін заң көмегінің негіздері «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуазаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленеді.
      4. Арыз беруші жүгінгеннен кейін бірден құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген кезінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты туралы хабардар етілуге тиіс. Мұндай жағдайларда құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін көрсету ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда көрсетілген мерзімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың алқа төралқасының төрағасы ұзарта алады. Тұлғаның бір мәселе бойынша құқықтық көмекті бір рет қана алуына болады.
      5. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды осындай көмекті ұсынатын адвокат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы актінің және тиісті адвокаттар алқасы өтінімінің негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      2) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) адвокаттар көрсеткен тегін заң көмегі туралы және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы жиынтық есепті аумақтық әділет органына уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады