1. «Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 112-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет кепілдік берген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділетмині, ҰҚК (келісім бойынша), ЭҚСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ |
2013 жылғы қазан |
».
Премьер-Министр С. Ахметов