«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының 2014 жылғы бірінші тоқсанда облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері алдағы күнтізбелік жылға арналған халыққа есеп беруді өткізу кестелерін жасасын және 2013 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісу үшін ұсынсын, сондай-ақ Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының жол жүру кестесін жасау үшін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары қоса беріліп отырған бекітуге сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері төмен тұрған әкімдердің есепті жыл ішіндегі кездесулерінің қорытындыларын ескере отырып, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың құзыретіне жататын проблемалар тізбесін 2014 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемалардың тізбесін жасасын және 2014 жылғы 12 сәуірге дейінгі мерзімде мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, холдингтер мен компаниялардың қарауына жіберсін.
6. Мүдделі орталық мемлекеттік органдар, холдингтер мен компаниялар 2014 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде проблемалық мәселелерді өз құзыреті шеңберінде шешу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне енгізсін.
7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
1) 2014 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін проблемалы мәселелердің тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне;
2) жыл сайын, 1 қарашаға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейінгі жылдарға арналған тиісті өкімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.
8. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 189-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік
органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының 2014
жылғы бірінші тоқсанда облыстар, республикалық маңызы бар қала,
астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін
бекіту
Р/с № |
Облыс, қала |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, орталық мемлекеттік органның, ұлттық холдинг пен компанияның басшысы |
1 |
2 |
3 |
1 |
Ақмола |
Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
2 |
Ақтөбе |
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы |
3 |
Алматы |
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
4 |
Атырау |
Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
5 |
Шығыс Қазақстан |
Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
6 |
Жамбыл |
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі |
7 |
Батыс Қазақстан |
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
8 |
Қарағанды |
Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі |
9 |
Қостанай |
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
10 |
Қызылорда |
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
11 |
Маңғыстау |
Марат Алмасұлы Әзілханов – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы |
12 |
Павлодар |
Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
13 |
Солтүстік Қазақстан |
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы |
14 |
Оңтүстік Қазақстан |
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
15 |
Астана қаласы |
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
16 |
Алматы қаласы |
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
акционерлік қоғамы;
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік
қоғамы;
«ҚазТрансГаз» АҚ - «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы;
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы;
«Технологиялық даму - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық
жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы;
агенттік» АҚ
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» акционерлік
қоғамы;
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
АҚ акционерлік қоғамы;
«Қазақстандық Ипотекалық - «Қазақстандық Ипотекалық Компания»
Компания» ИҰ» АҚ ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ - «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансГаз Алматы» АҚ - «ҚазТрансГаз Алматы» акционерлік қоғамы.