"Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 189-ө өкімі

      «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының 2014 жылғы бірінші тоқсанда облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін бекіту бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері алдағы күнтізбелік жылға арналған халыққа есеп беруді өткізу кестелерін жасасын және 2013 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісу үшін ұсынсын, сондай-ақ Үкімет мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының жол жүру кестесін жасау үшін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары қоса беріліп отырған бекітуге сәйкес облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері төмен тұрған әкімдердің есепті жыл ішіндегі кездесулерінің қорытындыларын ескере отырып, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың құзыретіне жататын проблемалар тізбесін 2014 жылғы 5 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемалардың тізбесін жасасын және 2014 жылғы 12 сәуірге дейінгі мерзімде мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, холдингтер мен компаниялардың қарауына жіберсін.
      6. Мүдделі орталық мемлекеттік органдар, холдингтер мен компаниялар 2014 жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде проблемалық мәселелерді өз құзыреті шеңберінде шешу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне енгізсін.
      7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
      1) 2014 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін проблемалы мәселелердің тізбесін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне;
      2) жыл сайын, 1 қарашаға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейінгі жылдарға арналған тиісті өкімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізуді қамтамасыз етсін.
      8. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 189-ө өкімімен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік
органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының 2014
жылғы бірінші тоқсанда облыстар, республикалық маңызы бар қала,
астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуы үшін
бекіту

Р/с №

Облыс, қала

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, орталық мемлекеттік органның, ұлттық холдинг пен компанияның басшысы

1

2

3

1

Ақмола

Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі

2

Ақтөбе

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы
Тастанбек Құтжанұлы Есентаев – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы
Ғалым Аллаярбекұлы Айдосов – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

3

Алматы

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Нұржан Сәрсембайұлы Қалдыбатыр – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры
Ақылбай Есболұлы Сапаров – «ҚазТрансГаз Алматы» АҚ Басқарма төрағасы

4

Атырау

Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Тимур Мұстахиұлы Бимағамбетов – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ операциялық өндіруші активтер жөніндегі басқарушы директоры
Данияр Сүйіншілікұлы Тиесов – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары

5

Шығыс Қазақстан

Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Дулат Нулиұлы Айтжанов – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы

6

Жамбыл

Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
Дулат Нулиұлы Айтжанов – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы
Ибулла Жұмағұлұлы Сердиев – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

7

Батыс Қазақстан

Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі
Ғалым Аллаярбекұлы Айдосов – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

8

Қарағанды

Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы

9

Қостанай

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Болатбек Баянұлы Қуандықов – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Ибулла Жұмағұлұлы Сердиев – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

10

Қызылорда

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Ибулла Жұмағұлұлы Сердиев – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

11

Маңғыстау

Марат Алмасұлы Әзілханов – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы
Тимур Мұстахиұлы Бимағамбетов – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ операциялық өндіруші активтер жөніндегі басқарушы директоры
Абат Ақмұқанұлы Нұрсейітов – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры

12

Павлодар

Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Данияр Сүйіншілікұлы Тиесов – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары
Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары

13

Солтүстік Қазақстан

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
Болатбек Баянұлы Қуандықов – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Мұрат Мағауияұлы Оспанов – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

14

Оңтүстік Қазақстан

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Ибулла Жұмағұлұлы Сердиев – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының орынбасары

15

Астана қаласы

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі

16

Алматы қаласы

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі
Альберт Павлович Рау – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Азамат Амалұлы Ибадуллаев – «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ     - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі»
                         акционерлік қоғамы;
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ   - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік
                         қоғамы;
«ҚазТрансГаз» АҚ       - «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы;
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ      - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
                         акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансОйл» АҚ       - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы;
«Технологиялық даму    - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық
жөніндегі ұлттық         агенттік» акционерлік қоғамы;
агенттік» АҚ
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ   - «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» акционерлік
                         қоғамы;
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
АҚ                       акционерлік қоғамы;
«Қазақстандық Ипотекалық - «Қазақстандық Ипотекалық Компания»
Компания» ИҰ» АҚ           ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ   - «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы;
«ҚазТрансГаз Алматы» АҚ  - «ҚазТрансГаз Алматы» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады