Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.02.2016 № 190 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар ету, атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі мен есептілігін арттыру, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тарту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізіп, олардың барысында елде жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылуы, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар етсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 02.04.2014 № 776 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 02.04.2014 № 776 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері халыққа есеп беру кездесулері өткізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей төмен тұрған әкімдер кездесулерінің есепті жылдағы қорытындыларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін және Үкіметін оның нәтижелері туралы хабардар етсін.
      3-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдардың статистикалық деректер негізінде, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен серпініне талдау жүргізуін қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Жарлық 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 02.04.2014 № 776 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының қатысуын;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша халық көтерген проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері және олардың орынбасарлары аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), қалалардағы аудандар әкімдерінің жылдың қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі бірінші тоқсандағы халыққа есеп беру кездесулеріне қатыссын.
      6. «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 154-құжат).
      7. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады