Мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттік меншік құрылымын реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 85-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттің меншік құрылымын реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
      2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық-құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттің меншік құрылымын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 85-ө өкіміне     
қосымша         

Мемлекеттің меншігінде қалатын ұйымдар үшін бірыңғай ұйымдық- құқықтық нысанды айқындау бөлігінде мемлекеттік меншік құрылымын реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жетекші
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, орынбасар
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, хатшы
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаментінің директоры

О создании рабочей группы для выработки предложений по реформированию структуры государственной собственности в части определения единой организационно-правовой формы для организаций, остающихся в собственности государства

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 17 июня 2014 года № 85-р

      1. Создать рабочую группу для выработки предложений но реформированию структуры государственной собственности в части определения единой организационно-правовой формы для организаций, остающихся в собственности государства, (далее - рабочая группа) в составе согласно приложению к настоящему распоряжению.
      2. Рабочей группе в срок до 1 июля 2014 года выработать и внести в Правительство Республики Казахстан предложения по реформированию структуры государственной собственности в части определения единой организационно-правовой формы для организаций, остающихся в собственности государства.
      3. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан Султанова Бахыта Турлыхановича.

      Премьер-Министр                            К. Масимов

Приложение          
к распоряжению Премьер-Министра
Республики Казахстан   
от 17 июня 2014 года № 85-р 

Состав рабочей группы для выработки предложений по
реформированию структуры государственной собственности в
части определения единой организационно-правовой формы для
организаций, остающихся в собственности государства

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан - Министр финансов Республики Казахстан, руководитель
      вице-министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан, заместитель
      заместитель директора Департамента политики управления государственными активами Министерства экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан, секретарь
      первый вице-министр индустрии и новых технологий Республики Казахстан
      вице-министр финансов Республики Казахстан
      вице-министр здравоохранения Республики Казахстан
      заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по спорту и физической культуре
      заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) (по согласованию)
      ответственный секретарь Министерства регионального развития Республики Казахстан
      ответственный секретарь Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
      ответственный секретарь Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
      председатель Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан
      директор Юридического департамента Министерства образования и науки Республики Казахстан